Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жерге түсіңіз, Байбек мырза: Меруерт Түсіпбаева Алматы әкіміне шүйлікті

Алматының орталығында тұрғызылған тиін әлі де жұрттың қызу талқысында. Жұрт өзге проблемалар жетіп жатқанда, 23 миллион теңге тұратын әрі сабан мен ағаштан жасалған мүсіннің не үшін керек екенін түсінбей дал, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Жерге түсіңіз, Байбек мырза: Меруерт Түсіпбаева Алматы әкіміне шүйлікті

Фото: Facebook/Айжан Қалиева

Мәселен, журналист Айжан Қалиева Алматы іргесіндегі 71-разъезд ауылы тұрғындарының бірнеше айдан бері ауыз суға жарымай отырғанын айтып ашынды. Айтуынша, сабан мен ағаштан 23 миллионға тиін тұрғызған қала әкімшілігі құрғақ уәдемен халықтың бетін қайтарып келеді екен.

“Алматының іргесіндегі өзім тұратын 71-разъезд ауылында мамыр айынан бастап ауыз су жоқ. Күн 40 градус күйіп тұр, біздің ауылдың тұрғындары ішерге бір жұтым су таппай жүр. Ал судың күшін (напор) көбейту үшін әкімдік “қаражат жоқ” дейді. Бірақ қаланың қақ ортасына 23 миллионға тиін орнатып, оны тоғыз айдан кейін өртеуге ақша табылады. Бұл мәселені Алатау ауданы әкімдігі шешіп береміз дегелі бір ай өтті, қалалық әкімдікке мамыр айында шағым айттық.

Ораза айында да ел-жұрт дәретін алып, мейірін қандыратын су таппай сабылды. Міне, шілденің шіліңгір ыстығы келді. Бізде әлі су жоқ. Кір жуып, душқа түсу былай тұрсын, ішерге су таппай, жердің астынан шығатын құм аралас лай суды бір-бірімізден тасып жүрміз. Алатау ауданы депутаттарына да жеке өзім шығып, көмек сұрадым. Көмекшілері атқамінерлерге аталған мәселені жеткізіп, бір хабарын беретіндерін айтқан. Әзірше хабарласқан ешкім жоқ. Әкімдік қаланың көркеюіне деп тоғыз айдан кейін өртенетін тиінге қаражат бөлгенше, су таппай сандалған халықтың проблемасын шешсе ғой”, – дейді ол.

Бұл орайда әнші Меруерт Түсіпбаева журналисті қолдап, Бауыржан Байбекке шағымын айтты.
“Байбек мырза, түсінемін. Жастық-мастық-албырт шақ… Қатырдаңыз, жарайсыз. Енді xалыққа су керек. Қарапайым су. Өтінеміз жерге түсіңіз. Өзіңіз басқарып отырған Алматының қарапайым тұрғындардың мұқтажына құлақ түріңіз”, – деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау