Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жерге Челябі метеоритінің егізі жақындап келеді

Жуырда жерге ғарыштан “қонақ” келуі мүмкін. Америкалық ғалымдар жерге қарай челябі метеориті егізінің ұшып келе жатқанын болжап отыр.

  85784367

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Бір айдан соң алып метеорит жерге 17 мың шақырым қашықтықта жақындайды екен. НАСА өкілдері метеорит қозғалысының нақты аумағын әлі де болса анықтай алмай отыр.

TX68 астероидінің диаметрі 30 метр. Ол жерге соқтығыспауы мүмкін, десе де ғалымдар оған қатысты басқа болжамдар айтуда. Мәселен, ол жердің атмосфера қабатын жарып өтетін болса, онда Челябідегі жағдайдан да екі есе күшті жарылыс орын алуы мүмкін. Бұл астероид Жерге екі жыл бұрын да жақындаған еді. Алайда, ол кезде «ең қолайлы 2 миллион шақырым қашықтықта» ұшып өткен болатын. Челябі метеоритіне ұқсас аспан объектісі наурыз айында тым жақын ұшқанына қарамастан, оның Жерге соқтығысуы екіталай.

Естеріңізде болса, 2013 жылы 15 ақпанда жергілікті уақыт бойынша 9:22-де Ресейдің Челябі облысы аумағынан қатты жылдамдықпен әрі өте жарық от жарқылымен метеорит ұшып өткен болатын. Ал Гринвич уақыты бойынша 3 сағат 20 минут 26 секундта Челябі орталығынан оңтүстік-батыстағы бір шақырым жерде магнитуда көрсеткіші шамамен 4-ке тең жер сілкінісі тіркелген. Жерде бұл құбылыс үлкен жарылыс секілді сезілді. Куәгерлердің айтуынша, жарылыстан соң бірнеше минут өткеннен кейін Жерге толқын соққысы келген. Оның әсер ету жолағы жер бетінде ұзындығы – 130, ал ені 50 шақырымға дейін созылған. Ал соққы тиген аумақтың өзі 6,5 шаршы шақырымды құраған.

Ресей Ғылым академиясының Вернадский атындағы геохимия және аналитикалық химия институтының ғалымдары Челябі метеоритінің бөлшектерін зерттеу нәтижесінде Челябі аймағына құлаған ғарыш объектісінің бір кездері одан да ірі астероидтан бөлініп түскенін мәлімдеген еді.

Талқылау