Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жерді жалға беруге қатысты мораторийді 5 жылға созу туралы ұсыныс елбасыға жолданады

Жер комиссиясы жерді жалға беруге қатысты мораторийді 5 жылға ұзарту туралы ұсынысты мемлекет басшысының қарауына енгізетін болды.

20160813133408

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

«Біріншіден, біздің қазір көріп отырғанымыз, жаңа айтқан аргументтер негізінде, бұл тек қана комиссия мүшелерінің пікірі ғана емес, ең бастысы – көпшіліктің де ой-пікірі осы жерге тоғысты. Соның негізінде айтылған ұсынысты біз байқаймыз, қолдап отырмыз», – дейді комиссия төрағасы, ҚР премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылық министрі Асқар Мырзаxметов комиссия жұмысын қорытындылау кезінде.

«Сонымен, осында айтылғандарға дауыс берейік. Біріншіден, бүгінгі күнге дейін комиссияның атқарған жұмысының нәтижесінде қалыптасып отырған ұсыныстардың барлығын ресми түрде Ауыл шаруашылық министрлігіне тапсырып, Ауыл шаруашылығы министрлігінің заң талаптарына сәйкес, парламентке енгізу жөнінде шешімді қабылдауды сұраймын», – деді ол.

– Екіншіден, мораторий жарияланған нормалар, яғни қазақстандықтарға ауыл шаруашылық саласындағы жерді сату, оларды тоқтату, екіншіден, шетелдіктерге жалға беру бойынша мораторийдің мерзімін 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін созу жөнінде ұсынысты елбасына қарауына енгізу жөніндегі шешімге дауыс берейік. Ал егер шешім қабылдаған жағдайда, онда комиссия жұмысын тоқтатсын деген шешімді де ортаға салайық,- деді министр.

Осыдан кейін комиссия өзара дауысқа салып, бұл шешімдерді қабылдады.
«Дауыстарыңызға раxмет! Енді аталған шешім тәртіпке сәйкес, елбасының қарауына енгізілетін болады», – деді Мырдзаxметов.

Бұған дейін Жер реформасы бойынша комиссияның шешімдері жарияланған еді.

Талқылау