Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жерді шетелдіктерге мүлде сатуға болмайды, барлық жиын қазақ тілінде өтеді — президентікке үміткер

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өткен "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс XV сьезінде партия атынан кезектен тыс президент сайлауына түсетін Төлеутай Раxымбеков мемлекеттік жиындардың бәрі қазақ тілінде өту тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Төлешов

Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарған Төлеутай Раxымбековке съез қатысушылары қазақ тілі мен жер мәселесі туралы сұрады.

"Бірінші кезекте мемлекеттік жиындардың бәрі қазақ тілінде өту тиіс. Бірақ орыс тілін ұмытпағанымыз дұрыс. Сосын мүмкіндігінше  ағылшын тілін де үйрену керек. Әрине, бірінші орында мемлекеттік тіл тұруы тиіс. Қазақ тілін ұмытуға болмайды. Ал жер туралы сауалға келсем, жалға беруді қолдаймын. Алайда, шетелдік азаматтарға мүлдем сатуға болмайды", - деп жауап берді ол.

Ол өз сөзінде ауыл шаруашылығын дамыту өте қажет екенін атап өтті.


Тіл туралы 7 өлең

Талқылау