Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жерар Депардье Қазақстанда жүзім өсіргісі келеді

Бұл жайында қазақстандық бизнесмен Facebook парақшасына жазып хабарлады. БАҚ хабарлағандай, атақты француз актеры Жерар Депардье Қазақстанға ұшып келді, деп жазды pavlodarnews.kz

актер

Мәдениет және спорт министрі Арыстан Мұхамедиұлымен кездесіп, кейін белгілі қазақстандық бизнесмен Зейнолла Кәкімжановтың Алматы маңайындағы Arba Wine жүзім алқабы мен шарап қоймасын барып көрді. «Жерар Депардье – жүзімдіктің ірі иегері»,-деп жазады Facebook Зейнолла Какімжанов.

Шарап жасаумен 40 жылдай айналысады, оның Франция, Испания, Португалия, Аргентина аймақтарында жүзім алқабы бар. Осыдан он жыл бұрын Алматыға келгенде, бірден бұл жердің шарап жасауға лайықты ауа-райы екенін сезген.

Өзі де осында жүзім өсіргісі келтінін жасырмады. Біздің табиғаттың ерекшелігі, құнарлығы, тау асты орналасуы, өте көп жеміс беретіндігін, біздің өнімнің табиғи екенін, біздің жетістігімізді, бұл іске адалдығымызды мұқият тыңдады. Ол бәрін түсініп, таңырқап, өзінің қуанышын жасырмады, біз үшін де қуанып, біздің елді, халықты, жерді сүйетінін айтты.

 

 

Талқылау