Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жер телімін рәсімдеп беремін деп жеке тұлғалардан ақша алған шенділер құрықталды

«Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК Астана филиалы басшысының орынбасары А.Жақанова пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы Астана қалалық департаменті” мәлімдеді.

photo_16138

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды

Күдікке ілініп ұсталғандар қатарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросының Астана қалалық департаменті «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК Астана филиалы басшысының орынбасары А.Жақанова, аталған филалдың маманы К.Джамартова және «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» РМК Астана қалалық филиалы жер учаскелерін рәсімдеу секторының бастығы Е.Жақыповтар бар.

“Лауазымды тұлғалардың алдын ала өзара келісуі арқылы жер теліміне мемлекеттік актіні рәсімдеп беру үшін жеке тұлғалардан 8 мың АҚШ доллары сомасына пара алғандығы белгілі болды. Сот алды тергеу амалдары жүргізілуде», – дейді департамент.

Талқылау