Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жер талан-таражға түседі дегенге қарсылық білдірген Атырау халқы митингке шықпақшы

Қазақтың кең-байтақ жері сатылымға шығарылып, талан-таражға түседі дегенге қарсылық білдірген Атырау халқы 24-ші сәуір күні жаппай жиналып, митингке шықпақшы. Тіпті белсенділер алдын-ала қалалық әкімдікке хат жазып, Исатай мен Махамбет алаңын беруді сұраған.

Безымянный

Сурет yvision.kz

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

“Енді біздер жерімізді өзіміз ала алмай жүрміз. Өз басыма келсек, 12 жыл бойы бір құйтақандай өзім жерімді өзім ала алмай жүрмін. Біздер енді оны шетелге сатамыз дегенде сонда қазақтарымызға не қалады?” – дейді құқық қорғаушы Әсел Нұрғазиева.

Алайда жердің сатылуына қарсылық білдірмек ниетте арнайы жиын өткізбек болған белсенділерге қалалық әкімдік рұқсат бермеді. Нақтысы, Исатай мен Махамбет алаңы митингке арналмағандықтан, рұқсат бере алмаймыз деген. Ал белсенділер бейбіт митинг өткізуге басқа жер беру туралы ұсыныс тастады, болмаса қаладағы бас алаңға шығамыз деп отыр.

Ал бүгін Атырауға қаз-қатар тізілген әскери техникалар кірігізілген. Мұны жұрт, бейбіт митинг өткізбек болғандарды сабасына түсіру үшін әкелінді деп жобалады. Алайда, жергілікті басылымдардың біріне жауап берген Батыс өңірлік әскери прокурорының орынбасары Думан Әбеуов: «Атырау облысының аумағында орналасқан әскери бөлімдердің әскери қызметшілері Маңғыстау облысында 18-24 сәуір аралығында өтетін «Қаратау-2016» тактикалық-саптық жаттығуларға шыққан болатын. Оқу-жаттығуда әскерлердің лаңкестік қауіптерге қарсы біріккен іс-қимылдары пысықталатын болады», – деп түсініктеме беріпті.

Талқылау