Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жер реформасы бойынша комиссияның отырысы әр сенбі сайын өтетін болды

Жер реформасы бойынша комиссияның  отырысы әр сенбі сайын өтетін болады. Жер реформасы бойынша комиссияның алғашқы отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары,  Комиссия төрағасы Бақытжан  Сағынтаев осылай мәлімдеді.

20160514112201

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

“Кезекті отырысымызды келесі сенбіде өткізейік. Басталатын уақыты – сағат 10. Келесі жолы жерді сату мәселесін қарастыратын болайық. Одан кейін талқылауға тиісті келесі мәселемізді анықтап алатын боламыз”, – деді Сағынтаев.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті қоғамдық жаңғырық туғызған Жер кодексінің бірқатар нормаларына 2017 жылға дейін мораторий жариялады.

20160514112331

“Қабылданған заңның тетіктері мен нормалары жұртшылықты кеңінен қатыстыру арқылы талқыланбады. Сондықтан көп жағдайда халықтың алаңдауы дұрыс. Егер қазақстандықтар қабылданған шешімге  сенбейтін болса, демек бұл дұрыс емес деген сөз. Өйткені, бұл өзгерістер халық үшін жасалып жатыр. Қоғамда жерді жалға алу жөніндегі бірқатар заңнамалық нормаларға қатысты күмән туғанын ескеру маңызды”, – деді Мемлекет басшысы.

20160514112326

Сонымен қатар Президент Үкімет жанынан Премьер-министрдің бірінші орынбасары Сағынтаевтың басшылығымен комиссия құруды тапсырған болатын.


Оқи отырыңыз:

Мұрат Әбенов: Жастарда жер мәселесінде біржақты түсінік қалыптасқан

Мұхтар Шаханов: Жерді шетелге жалға беруді де тоқтату керек

Гүлзира Айдарбекова Жер кодексіне қатысты мәселеде президентті өзімен салыстырды

 

Талқылау