Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жер бетінен 10 мың биіктікте: Қазақстандық қызына ұсынысты ұшақта жасады

Қазақстандық қызына ұсынысты жерден 10 мың метр биіктікте жасады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Лада-ға сілтеме беріп.

Жастар Ақтауға ұшып бара жатқан. Жігіт алдын ала ұшақ экипажымен келіскен болар, стюардесса дауыстап Айжан атты жолаушыға арнайы ұсыныс бар екенін айтқан. Осыдан кейін жігіт қызына гүл шоқтарын беріп, өмірлік жары болуын сұрап, тізерлеп ұсыныс жасайды.

«Біз Айжан екеуміз Ақтауға ұшып бара жатқан едік. Ұшу барысында жолсерігі ұшу туралы хабарламаны дауыстап айта бастады. Ортасында «Айжан Мендыгарина бір жігіттен сізге арнайы ұсыныс бар» деп айтты. Содан кейін мен шығып, арнауымды айтып, гүл сыйлап, тізерлеп тұрып ұсыныс жасадым. Оның маған «иә» деген жауабын естіп, қолына сақинаны тақтым. Қошеметтеріңіз», – деп жазған жігіт. Бұл сәтті жолаушылар да, жолсеріктері де телефондарына түсірген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау