Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Жер аруы – 2018” байқауының жеңімпазы анықталды

Вьетнамдық студент Кхан Нгуен (Phuong Khanh Nguyen) “Жер аруы 2018” байқауында жеңімпаз атанды. Бұл туралы Rappler басылымына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттінгі хабарлайды.

Сайыстың финалы Манила қаласында Mall of Asia сауда орталығына кіретін аренада өтті.
23 жастағы бойжеткен маркетингті зерттеумен айналысады, вьетнам және ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді.

Rappler басылымының жазуы бойынша, ол 2010 жылы байқауды алғаш рет бақылаған. Сол кезде Кхан Нгуен осы сайысқа өз елінің атынан қатысуды армандаған.

Кхан Нгуен Вьетнамның оңтүстігінде, Меконг өзенінің жанында орналасқан Бенче ауылынан шыққан. Өзін таныстыратын роликте ару Меконгты экологиялық тұрғыдан қорғау қажеттігін сөз етті. Өмірлері сол өзенге тәуелді адамдарды да қамқорлыққа алу керектігін айтты.

“Жер аруы” байқауы 2001 жылдан бастап жыл сайын өтеді.

Талқылау