Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жер алып, үй салған тиімді ме, әлде дайын пәтер сатып алған тиімді ме?

Қазақстандағы тұрғын үй бағасы қазіргі кезде қалыпты жағдайын сақтап отыр деуге болады. Дегенмен үй сатып алудан гөрі, жер алып, оған үй тұрғызуға кететін қаржы көлемі пәтер сатып алумен салыстырғанда қомақтырақ болып келеді.

7a1e684ab17a48659b2562bb475283df_resize_w_520_h_

Фото: www.xn--80aja6bcnk.kz

Мұндай сараптаманы Homsters.kz компаниясы жариялап отыр – дейді BAQ.kz тілшісі.

Аталмыш компанияның сарапшылары «ВЕК» құрылыс корпорациясының өкілдерімен бірлесіп, республикадағы көппәтерлі жаңа үйлердің бір шаршы метрінің өзіндік құнының құрылымын әзірлеу барысында үй салуға кететін шығынның жартысынан астамы, нақтырақ 53 пайызы құрылыс материалдарына жұмсалатынын анықтаған.

Ал өзіңіз құрылыс салумен айналыспасаңыз, яғни, өз үйіңізді өзіңіз тұрғызып алуға мүмкіндігіңіз болмаса, онда құрылысқа деп жинақтаған қаржыңыздың тағы бір қомақты бөлігін сізге үй салып берген құрылысшыларға беруіңізге тура келеді. Бұл сіздің жинаған қаржыңыздың 17 пайызын иеленеді. Яғни құрылыс компаниясының қызметкерлері үшін еңбекақы болып есептеледі. Бұдан кейінгі қалтаңызды қағатын – әрине ол жер телімін сатып алуға жұмсалатын қаржы.

Иә, жер телімін сатып алмай тұрып, ешкім де құрылыс бастамасы анық. Сондықтан жер учаскесі үшін бар қаржыңыздың 9 пайыздайын шығындауыңызға тура келеді. Бір істі қолға алған соң, оны қазіргі уақытта техниканың күшінсіз бітіру оңай емес. Демек қаржыңыздың 6 пайызы осы құрылыс техникасына жұмсалатынын да естен шығармаңыз. Ал өзге де шығындары үшін қосымша қаржы ретінде орта есеппен 5 пайызын сақтағаныңыз абзал. Сонымен қатар, тұрғызған үйіңіздің аумағын көгалдандыру, аула тұрғызу, жарық тарту, көрген адамның көзі сүйсінер түрлі сәулет элементтерін жасату үшін 2 пайызды ескерсеңіз жеткілікті.

Ескерте кетейік, бұл сараптамаға Қазақстанның ең ірі қалаларындағы орта баға сегментіндегі, артық жөндеу жұмыстарын қажет етпейтін пәтерлері бар жаңа үйлер негіз болды.

Жоғарыда жасаған сараптамамызды оқыған болсаңыз, елімізде құрылыс материалдарының құны әр өңірде әр түрлі екенін ескере отырып, өзіңіз тұрып жатқан аумақтың орташа есебін шығара аласыз. Қазіргі кезде елімізде құрылыс материалдарын өндіретін өндірушілер саны артып келеді. Бұған дейін 2014-2015 жылдары валюта бағамының құлдырауына және отандық құрылыс заттарын өндірушілердің аздығына байланысты құрылысқа деп жинаған соманың 70 пайыздан астамы тек құрылыс материалдарына жұмсалатын еді. Бұған себеп құрылыс заттарын тек импорт ретінде ғана тұтынып келдік.

Қыр баласы

 Жіберіп алмаңыз: 

Байқоңырда қазақстандықтарға үй салуға жер жалға берілмек

Талқылау