Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жеңіс Ысқақованың ұлы мен келіні анасының рұқсатынсыз шаңырақтан бөлек шығып кеткен

Жеңіс Ысқақова қазіргі жастардың өмірге деген көзқарасы мен түсінігіне таңданады. Әнші отау құра сала ажырасып үлгеретін жастарды мүлде түсінбейді. Бұл орайда әнші кезінде отбасының құндылығын жете түсіндірген ата-анасына алғыс айтады.

Жеңіс Ысқақованың ұлы мен келіні анасының рұқсатынсыз шаңырақтан бөлек шығып кеткен

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Бүгінгі жастардың түсінігі мен өмірге деген көзқарасына, жалпы бір-біріне деген жауапкершіліктеріне таңғаламын. Мен де жас болдым, мен де мас болдым, ақымақ болдым. Бірақ бізді ата-анамыз “жанұя құрдың ба, өмірлік жарыңды таңдадың ба, оның жүре келе кемшілігін, барын, жоғын көрдің ба, соның бәріне сен шыдау керексің” деп тәрбиеледі. Ер адамдар 60-қа дейін, 90-қа дейін бала сүйе алады. Бірақ сол баланың қызығын, бақытын көру бұйыра ма, бұйырмай ма, адам ойлану керек деп ойлаймын. Бірақ дүниеге бала алып келдің ба, сол бала үшін жауаптысың. Сол бала үшін келіншегіңді түсініп, жақсылығын асырып, жамандығын жасырып, тіл табысып, бір жүйеге келу керек”, – деп өкпе-ренішін білдірген әнші аңдамастан өз отбасында орын алған келеңсіз жайт туралы да баяндады.

Әншінің сөзіне қарағанда, небәрі 1 жыл бұрын шаңырақ көтерген ұлы мен келіні оның рұқсатынсыз шаңырақтан бөлек шығып кеткен. Айбатыр мен Карина анасының Астанада жұмыста жүргенін ұтымды пайдаланып қалған көрінеді.

“Мен Астанада жұмыста жүргенде өздері бөлек кетіп қалды. Мен баламды тәрбиеледім. Ал менің ұлым өте тәртіпті және адамның көңіліне қарап қалған бала. Ал келін өз анасының тәрбиесімен келді. Сондықтан да мен келінге, оның анасына өз заңымды жүргізе алмаймын. Мен тек өз балама заңымды жүргіземін. Бірақ балама: – Сүйсең, бірге бола бер, – деп айттым. Ең қызығы, мен Астанада жүргенде рұқсатсыз кетіп қалып тұр ғой”, – дейді Жеңіс Ысқақова.

Әнші отбасында болған бұл оқиғаға жайлы әрі қарай айтудан бас тартты. Ұлы мен келіні жайлы сұрақ әншінің көңіл-күйін де түсіріп жіберген көрінеді.

“Осы жерден тоқтайық. Бұл менің жанұямның бір құпиясы деп айтайын. Жанұя деген әр адамның жүрегіне жақын, халыққа көрсете бермейтін дүние. Мұндай жағдай әркімнің басында болады. Сондықтан біреуді сынап-мінемес бұрын әркім өз проблемасын шешіп алуы керек деп ойлаймын”, – дейді Ысқақова.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр