Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеңіс Ысқақова ұлдарының өтінішін орындап танымастай өзгерді (фото)

Әнші соңғы екі ай ішінде ұлдарының өтінішімен салмақ тастаудың рекордын жаңартты.

13741031_1568245700144763_72243080_n

Фото: instagram.com/zhenisiskakova/

Бұл туралы “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

Сырт келбетіне көп өзгеріс енгізе бермейтін әншілердің қатарында Жеңіс Ысқақова бар. Әнші ешуақытта артық салмағанынан қысылған емес. Мұнымен қатар, тәтті тағамнан бас тарта алмайтынын да айтқан болатын. Жуырда ол отандық бағдарламалардың біріне келіп жұртты сырт келбетімен таң қалдырды. Көп адам оның талдырмаш бейнесіне қарап денсаулығы сыр беріп жүр деп ойлаған. Десе де, әншінің өзі арықтауына екі ұлының себепші болғанын айтады.

“Соңғы жылдары артық салмақ жинап алдым. Ұлдарым “Анашым, сізге бұлай жүруге болмайды. Керісінше екі жігіттің ортасында қыздай болып жүрмейсіз бе? Әрі әкем де сіздің сырт келбетіңізге қарап шабыттанып жүретін болады” деп айтқан соң іске кірістім. Мен балаларым үшін өмір сүремін. Олардың әр сөзі мен үшін заң”, – дейді Жеңіс Ысқақова.

Осы ұсыныстан кейін әнші небәрі 2 айдың ішінде үлкен нәтижеге қол жеткізген. Өзі ешбір пластикалық отаның көмегіне жүгінбегенін айтады.

“Май сорғызатын бір операция бар екен. Бірақ оны жасатпадым. Мен миллионға тамақ алып жеп, артынша оны миллионға шығарады екенмін. Яғни аталған операцияның құны миллионға жуық. Жұрттан жасыратындай құпиям жоқ.

000

Бар болғаны тойғанымды білмей тамақ жеуді қойдым. Дастархан басынан жартылай аш тұруды өзіме міндет қылып қойдым. Адамның асқазаны шын мәнінде кішкентай ғой. Сондықтан мүмкіндігінше алақанға сиятындай ғана тамақ жедім. Бұның ішіне біріншісі де, екіншісі де кіреді.

Ысқақова бұл жеңістің өзіне оңайлықпен келмегенін мойындайды. Бастапқыда ауырлау болған екен. Тіпті ұлдары тамаққа қолы жүгіріп бара жатса, қағып жіберіп “Қыз, арықтаймыз” деп әзілдейтін болған.


Жіберіп алмаңыз:

Кентал артық салмақтан арылу үшін дәрінің көмегіне жүгінді

Фаст-фуд тағамдарынан бас тартқан қыз таң қаларлықтай салмақ тастаған (фото)

Гиннестің рекордтар кітабына енген ауыр салмақты адамдардың бүгінгі қал-жағдайы (фото)

Атыраулық жігіт 42 келі салмақ тастап, өзіне қалыңдық тапты

Талқылау