Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеңіс Ысқақова өзгенің күйеуін тартып алған әнші қыздарды сынады

Әнші Жеңіс Ысқақова өзгенің күйеуін тартып алған әнші қыздарды сынға алды. Өнер иесі отбасы бар азаматқа көз салатын қыздарды еш түсіне алмайтынын айтты. Сондай-ақ, актриса Гүлназ Жоланова әріптес-әпкесімен келісетінін жеткізді.

Жеңіс Ысқақова

Бұл туралы “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Екінші әйел, тоқал болу деген бұрыннан келе жатқан дүние. Екіншіден, үш адам келісіп жатса, бір-бірінің берекесін алмай, отбасын бұзбай, өздері біледі.

Ал егер мен де бақытты болуға лайықпын десе, менің миыма сыймайды. Келіншегі бар жігітке қалай ғашық болып, болмаса сол туралы ойланады? Орыстарда “не строй счастье на чужой беде” деген сөз бар. Біреудің көз жасына қалып, бақытты бола алмайсың”, – дейді ол.

Сол сияқты актриса Гүлназ Жоланова әріптес-әпкесімен келісетінін айтты.

“Басы бос жігіттер көп. Қыздарға да айтарым сол. Өмірде бумеранг заңы бар. Мен оған сенемін. Және де қыздарға олай істемеңіздер деп айтамын.Ондай әңгімені көп естігендіктен, соңғы кезде таңғалмаймыз. Себебі қалыпты жағдай болып барады. Басынан өткен адамдар, тағдыр деп жатыр. Сынамауға тырысамыз. Себебі болашақта менің де бала-шағам болады. Ешкімді сынамаймын, әркімнің өз тағдыры өз қолында”, – дейді Жоланова.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау