Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеңіс Қасымбек жаңа министрліктің басшылығына тағайындалды

Бүгін, 26 желтоқсанда, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылды. Министрліктің басшылығына Жеңіс Қасымбек тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Жеңіс Қасымбек

ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек қызметінен босатылып, жаңа қызметке тағайындалды.

«Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалсын. Ол ҚР инвестициялар және даму министрі қызметінен босатылсын», – делінеді жарлықта.

Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы 1975 жылғы дүниеге келген. Экономикалық және сәулетші мамандықтары бойынша жоғары білімі бар. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын (Алматы қ.) Сәулетші-дизайнер мамандығы бойынша және Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (Астана қ.) экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы «Темірбанк» ААҚ маман ретінде бастаған. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің темір жол көлігі мен порттар бөлімінің бастығы, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Үйлестіру және тарифтік саясат департаментінің тарифтік саясат бөлімінің бастығы, Су көлігі департаментінің директоры, «Ақтау халықаралық теңіз порты» РМК директоры қызметтерін атқарды.

2005 жылдың қарашасынан 2009 жылғы наурызға дейін Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация вице-министрі қызметін атқарған. 2009- 2014 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы болды.

2014 жылғы 7 наурыздан бастап Көлік және коммуникация министрі болып тағайындалды.

2014 жылғы 6 тамыздан бастап осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.

2016 жылдың маусым айында ҚР инвестициялар және даму министрі қызметіне келді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау