Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жеңімпаз болу үшін ақша талап етті ме?: Ержан Максимнің анасы "Голос. Дети" байқауының қалай өткенін айтып берді

Ресейлік "Голос. Дети" жобасына қатысып, екінші орын иеленген жас әнші Ержан Максимнің жарысы жайлы анасы айтып берді. 

Жеңімпаз болу үшін ақша талап етті ме?: Ержан Максимнің анасы "Голос. Дети" байқауының қалай өткенін айтып берді

Бұл туралы TalkLike youtube арнасында айтылды.

Ержанның анасының айтуынша, жарыс әділ өткен. Барлық тәлімгерлер мен әділқазыға, қарсыластарына еш өкпесі жоқ. 

"Алсу да, қызы да қарапайым жандар. Ақшасына сеніп, тәкаппарланып жүрген жоқ. Бізбен бірге тамақтанып, жақсы араластық. Ұлым да Микеламен дос болып кетті. Көптеген ресейлік жұлдыздар Ержанды қолдап шықты. Жарыс әділ емес, Ержан жақсы айтты деп бағалап жатты. Бірақ менен ешкім ақша талап еткен жоқ. Жеңімпаз болу үшін ақша сұраған жоқ. Соған қарағанда әділ болған деп ойлаймын. Берілген дауыс аз болған шығар. Халықтың даусы шешеді ғой", - деді анасы.

Ержанның анасының айтуынша, ресейлік жұлдыздар еш баланы бөліп-жармайды. Ұлтына, дініне қарамайды. Егер таланты бар болса, соны бағалайды.

"Максим Галкин де, Меладзе де Ержанды қолдады. Мені жарыстың қалай өткені алаңдатқан жоқ. Тек ұлым халықтың көңілінен шықса деп уайымдадым. Жоспардағыдай ән айтып шықса дедім. Ол ойымыз орындалды", - дейді анасы. 

Айтуынша, алдағы уақытта да Ержанға бірнеше ұсыныстар түскен. Тіпті британдық X Factor жобасынан шақырту келгенін айтады. 

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр