Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы 22 рет нокаутпен жеңген мексикалықпен жұдырықтасады

Жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы Нұрзат Сабыров (7-0, 6 КО) 24 қарашада Канаданың Римуски қаласында кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды.

Нұрзат Сабыров

Бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Отандасымыз мексикалық тәжірибелі боксшы Рокки Монтойямен (32-2, 22 КО) жұдырықтасатын болды. Мексикалық бокшсы бұған дейінгі жекпе-жектерінде 22 рет нокаутпен жеңген.

Жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған және екінші орта салмақ дәрежесінде өтеді.

Айта кетсек, 36 жастағы Монтойя кәсіби рингке 1997 жылы шыққан. Ол кезде Сабыров 4 жаста болған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау