Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жеңіл болады: Головкиннің бапкері “Канеломен” қарымта кездесуге қатысты пікір білдірді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес оның «Канеломен» қарымта кездесуіне қатысты пікір білдірді. Айтуынша, екінші жекпе-жекте Головкинде аса үлкен қиындықтар болмайды.

Жеңіл болады: Головкиннің бапкері "Канеломен" қарымта кездесуге қатысты пікір білдірді

Бұл туралы  Vesti.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Мектепте бақылау жұмысын тапсырардың алдында, сіз бақылауда берілетін сұрақтардың жауабын іздейсіз. Менің ойымша, «Канеломен» екінші жекпе-жек Геннадий үшін дәл осындай сынақ сияқты. Геннадий алғашқы жекпе-жекте жеңіске жетті. Мұны бәрі біледі. Ал ол, өз кезегінде, «Канелоның» мүмкіндіктерін біледі. Ендегі оған жоспарлап жүрген дүниемізді іске асыру жеңіл түседі. Қарымта кездесуде бәрі тамаша болады», – дейді Абель Санчес.

Айта кетсек, Головкин мен «Канелоның» қарымта кездесуі 15 қыркүйекте Лас-Вегастегі T-Mobile Arena-да өтеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр