Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жеңгетайлықты кәсіп еткен ірі қылмыстық топ әшкере болды

Жол полициясы қызметкерлерінің қырағылығының арқасында, 2012-2015 жылдар аралығынла Астана мен Шымкентте кәсіптерін дөңгелеткен қылмыстық топ құрықталды.

627211f2554d6b070d19319629b8f63a

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды

ҚР ІІД Ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, топ жетекшісі 36 жастағы Шымкент тұрғыны екен. Ол Қазақстан және Өзбекстаннан жеңіл жүріске бейім қыздарды тауып отырған. Сәйкесінше, оларды жалға берілетін арнайы пәтерлерге жіберіп, жезөкшелікпен айналысулары үшін бар жағдайларын жасап, жеңіл жолмен келген ақшаны бөліске салып келген.

Құрамында екі негізгі қызметкер және қылмыстық шеңберлерін кеңейтуге үлес қосатын 11 адам болған.

Зерттеу барысында, соларға тиесілі бір жезөкшенің Астана перзентханасында өзге фамилиямен босанып алғаны да белгілі болды. Қазір өмірге келген сәбиді қамтамасыз ету шаралары қарастырылып, оны өзгелердің асырап алуына қатысты іс талқыланып жатыр.

Қазіргі кезде қылмыстық топтың жетекшісі мен оның сыбайластарының қылмыстары дәлелденді. Топ басшысына 7 жылдан астам уақытқа жаза кесілуі мүмкін. Ал өзгелері әртүрлі уақытқа бас бостандықтарынан айрылмақ.

Талқылау