Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Женева прокуратурасы 100 мың евроны унитазға ағызып жіберген әйелді тапты

Женева прокуратурасы 100 мың евроны унитазға ағызып жіберген испан азаматшаларын ұстады.

“100 мың евроны тастау бойынша тексеру жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта олардың испаниялық әйелдер екені анықталды”, – дейді прокуратураның баспасөз хатшысы Винсент Деруан.

Оның айтуынша егер ақшаның заңды жолымен келгені анықталса онда әйелдерге ешқандай жаза қолданылмайды. Себебі Швейцарияда ақшаны қиқалау қылмыс емес.

“Егер ақша заңсыз жолмен келген болса онда іс қозғалады. Қазіргі уақытта әйелдер айыпталушы емес”, – деді ол.

500 евролық номиналдар бірнеше күн бұрын кәріз жүйесінен табылып, бұл істі прокуратура бақылауына алған еді.

Оқи отырыңыз:

Әлемдегі ең бай әйел дүниеден озды

Тәжікстанда тура той басталар алдында билік тамақтарды тәркілеп әкетті

Дональд Трампқа пародия жасаған актер айтулы жүлдеге ие болды (видео)

Британиялық әйел 42 жасында 20 баланың анасы атанды (фото)

Талқылау