Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Жеңді, бірақ әсер қалдырмады": Данияр Елеусінов кәсіби рингтегі алтыншы жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық боксшы, Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов кәсіби рингтегі алтыншы кездесуін өткізді. Бұл туралы Stan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Данияр Елеусінов
Ол Филадельфияда (Пенсильвания штаты, АҚШ) Liacouras Center аренасында өткен бокс кешінде өнер көрсетті. Елеусіновтің қарсыласы - 36 жастағы мексикалық Сильверио Ортис (37-23, 18 КО) болды. 

Жартылай орта салмақтағы кездесу 8 раундқа жоспарланған және ол толық қамтылды. Жекпе-жек төрешілердің шешімімен Елеусіновтің пайдасына шешілді. 

Осылайша Данияр кәсіби рингтегі алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Олардың үшеуін қазақстандық боксшы нокаутпен аяқтаған. Ортис болса кәсіби мансабында 24-ші жеңіліске ұшырады. 

Украиналық VRinge.com кездесуді қорытындылады. 

"Төрешілердің шешімі бойынша кездесу 79:70, 79:71 және 79:71 есебімен Елеусіновтің пайдасына шешілді. Ол жеңді, бірақ ешқандай әсер қалдырмады. Барлық Олимпиада чемпиондары мен әуесқой боксшылар кәсіби рингті бағындыра алмайды", - делінген материалда. 

Айта кетейік, Елеусіновтің кәсіби рингке келгеніне сәуірде бір жыл болады. Биыл боксшы чемпиондық белбеулер үшін таласады деп күтілуде. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр