Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жемқорлыққа күдікті шенеуніктер үшін Атырау әкімі халықтан кешірім сұрады

Атырау әкімі Серік Шапкенов сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп күдік келтіріліп отырған шенеуніктер үшін халықтан  кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы Атырау қаласының әкімі Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

«Мен бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласы бойынша екі басшы туралы көп әңгіме тарап жатқандығын білемін. Қазіргі осы екі басшы да қамауда және олар сот шешімін күтіп отыр. Олардың қаншалықты шалыс қадам жасағанын сот айқындайтын болады.

Десе де мен қала тұрғындарынан тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласындағы басшылардың құқық қорғау органы өкілдерінің назарына іліккені үшін кешірім сұраймын. Мұндай жағдай тікелей басшы ретінде маған абырой әкелмейтінін жақсы түсінемін. Біз өз арамызда сыбайлас жемқорлықпен байланысты заңсыз әрекеттерге жол бермеуге барымызды саламыз»,-деді Серік Шапкенов.

Оқи отырыңыз:

Қытайға кетіп қалған қазақстандық қызды қытайлардың еңбекқорлығы таңғалдырды

Таиландта Шәмшінің әнін орындаған Баян Алагөзова желі қолданушыларын қайран қалдырды (видео)

Данэлия Төлешова өзінің арманы туралы айтып берді

Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Төреғалиден ақшасын ала алмаған продюсерді сынап тастады

Талқылау