Желтоқсаншы: Ауыр жұмысқа жарамайтын еркек әйелді тудырауға қалай жарайды

21 мың теңге жәрдемақыға қолы жетпей жүргенде атаулы әлеуметтік көмек алу үшін ажырасып, басындағы бағын бейшара күйге түсіріп, құжатын түзеп, күзеп жатқандардың санасын да түзеу керек дейді желтоқсаншы Гүлбахрам Жүніс.

jeltoqsanshy

Фото: otyrar.kz

Көпбалалы аналардың жағдайымен танысатын комиссия жұмысын қоғам тарапынан қадағалау мақсатында үй-үйді аралап көзі жеткен кейбір жағдайлар мені шошытты дейді желтоқсаншы. Бұл туралы 31 арнаға сілтеп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Менің күйеуім ауыр жұмыс істей алмайды дейді. Сонда ауыр жұмыс істеуге жарамайтын еркек әйелді тудыруға қалай жарайды", - деді желтоқсаншы. 

Айтуынша, үйінде отағасы бар отбасылардың да жәрдемақыға жүгіруі жақсы емес. Соның салдарынан көпбалалы аналардың негізгі мәселесі жәрдемақы көлеңкесінде қалып қойды. Олардың мәселесі шешілген жоқ.

"Біздің халқымыз да әлі мұны түсініп жатқан жоқ. Сайлаудан кейін қалай болады. Оны ойлаған жоқ. Жәрдемақы үшін ажырасып, бірге тұрып жатқан отбасылар да бар", - деді Гүлбахрам Жүніс.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр