Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желтоқсанда қазақстандықтар 6 күн демалады

Қазақстандықтар желтоқсан айында 6 күн демалатын болды. Себебі, екі бірдей мереке тойланбақ.

Желтоқсан айында қазақстандықтар 6 күн демалады

1 желтоқсанда  Тұңғыш Президент күні, екіншісі – ҚР Тәуелсіздік күні. Тұңғыш президент күні 2011 жылы Парламенттің шешімімен бекітілген болатын. Себебі, 1 желтоқсанда 1991 жылы президент сайлауы өткен.

1 желтоқсан сенбі күніне түскендіктен демалыс дүйсенбіге ауыстырылды. Демек ҚР “Қазақстан Республикасындағы мерекелер заңына” сәйкес қазақстандықтар желтоқсанның 1, 2, 3 күндері демалады. Сенбі күні жұмыс істейтіндер тек желтоқсанның 1, 2 ғана демалады.

Ал Тәуелсіздік күні – 16-17 желтоқсан демалыс күндері болып есептеледі. Бірақ 16 желтоқсан жексенбіге түсіп тұрғандықтан,  қазақстандықтар 18 желтоқсанда да демалады.

Талқылау