Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желтоқсан айында қазақстандық кинотеатрлардан көрсетілетін үздік фильмдер (фото, видео)

Фильмді үйде ғана емес, көпшілікпен қатар отырып көргенді ұнататын жандарға Stan.kz желтоқсан айында қазақстандық кинотеатрлардан көрсетілетін ең үздік туындылар тізімін ұсынады.

photo_197350

Жер бетінде қанша адам болса, сонша түрлі мінез, соншалықты талғам бар. Бірі әдеби кітаптарды сүйіп, оларды жата жастана оқыса, енді бірі ұзын-сонар романның режиссерлер жан бітірген нұсқасын таңдайды. Соңғысын таңдаған көрерменге ағымдағы айдың ең үздік туындыларымен таныс болыңыздар.

“Қазақша бизнес”

Жанры: Комедия
Режиссері: Жеңісхан Момышев
Рөлдерде: Нұрлан Қоянбаев, Гүлнәз Жоланова, Жан Байжанбаев, Әбунасыр Серіков, Төреғали Төреәлі
Мемлекеті: Қазақстан

Қазақша бизнес жобасы бизнесмендер арасындағы қарым-қатынастың қандай болатындығын көрсетуге бағытталған. Әдетте шетелдік мемлекеттерде бизнесмендер жұмысқа бола бір-бірін аяқтан шалуға дайын. Алайда Қазақстанда жағдай басқаша. Қазақстандықтар бірінші кезекте бір-біріне туған бауырларындай қарайды. Мұнымен қатар, бұл тұста достардың да көмегіне жүгінуге болады. Фильмді қазақстандық кинотеатрлардан 29 желтоқсаннан бастап көре аласыздар.

сою

“Одақтастар”

Жанры: Триллер
Режиссері: Роберт Земекис
Рөлдерде: Брэд Питт, Лиззи Каплан, Марион Котийяр, Мэттью Гуд, Шарлотта Хоуп
Мемлекеті: АҚШ

1942 жыл. Америкалық агент Солтүстік Африкаға қауіпті миссиямен барады. Аталған аймақта француз қызына ғашық болып, онымен бірге отбасын құрады. Отбасыларында бір бала дүниеге келеді. Артынша агентке оның әйелінің шпион екенін айтады. Фильмді қазақстандық кинотеатрлардан 1 желтоқсаннан бастап көре аласыздар.

мо

“Моана”

Жанры: Анимациялық фильм
Режиссері: Рон Клементс, Джон Маскер, Дон Холл
Рөлдерде: Дуэйн Джонсон, Алан Тьюдик, Никол Шерзингер, Джемейн Клемент
Мемлекеті: АҚШ

Б.з.б 2 000 жыл. Оқиға Тынық мұхиты жағасында өрбиді. 14 жастағы Моана ханшайым өз елін ашаршылықтан құтқару үшін қауіпті саяхатқа аттанады. Досы Мауи екеуі түрлі қиындыққа тап болады. Ақырында жеңіске жетіп, отбасы мен жақындарын аман сақтап қалады. Фильмді қазақстандық кинотеатрлардан 1 желтоқсаннан бастап көре аласыздар.

ав

“Автобан”

Жанры: Боевик
Режиссері: Эрен Криви
Рөлдерде: Николас Холт, Фелисити Джонс, Энтони Хопкинс, Бен Кингсли, Надиа Хипкер
Мемлекеті: Ұлыбритания, Германия

Америкалық турист Кейси Штайн өзінің сүйіктісімен бірге Еуропаға барады. Аталған мемлекетте Хаген мен Геран басқарған мафиялардың арасындағы кикілжіңге кірігеді. Фильмді қазақстандық кинотеатрлардан 8 желтоқсаннан бастап көре аласыздар.

урака

“Алақай! Демалыс!”

Жанры: Комедия
Режиссері: Максим Демченко
Рөлдерде: Сергей Маркеев, Диана Милютина, Варвара Расторгина, Анна Ковальчук
Мемлекеті: Ресей

6 сынып оқушысы Паша өзінің отбасымен бірге шаңғы шипажайына барады. Олардың отбасылық демалысы детективтік оқиғаға ұласады. Бірігіп патшайым Тамара Развязканың жоғалған әшекейін іздеуге кіріседі. Фильмді қазақстандық кинотеатрлардан 8 желтоқсаннан бастап көре аласыздар.

изг

“Елден қуылған-жалғыз. Жұлдыздар шайқасы. Тарих”

Жанры: Фантастика
Режиссері: Гарет Эдвардс
Рөлдерде: Фелисити Джонс, Алан Тьюдик, Донни Йен, Бен Мендельсон
Мемлекеті: АҚШ

Фильмде Альянс Повстанецев Империяның барлық планеталарды жойып жіберуге күші жететін соғыс станциясын құрастырғанын біліп қояды. Артынша бұрынғы қылмыскер әйел Джин Эрсо бастаған ерекше топ жасақтайды. Отряд мақсаттарына жететіндіктеріне толықтай сенбесе де, өз өмірлерін қатерге тігеді. Ал Император өз кезегінде бұл отрядпен қарсы шайқасқа Дарт Вейдерді жібереді. Фильмді қазақстандық кинотеатрлардан 15 желтоқсаннан бастап көре аласыздар.

мис

“Миссия: Жат мінез”

Жанры: Комедия
Режиссері: Ларри Чарльз
Рөлдерде: Николас Кейдж, Мэттью Модайн, Рэйн Уилсон, Фиона Врум
Мемлекеті: АҚШ

Ессіз америкалық азамат бір құдайға сеніп, Усам бен Ладенді жалғыз өзі ұстамақ болады. Басты қаһарман Гэри үнемі айналасындағыларға көмектесіп жүреді. Фильмді қазақстандық кинотеатрлардан 15 желтоқсаннан бастап көре аласыздар.

приз

“Қияли сұлулық”

Жанры: Драма
Режиссері: Дэвид Фрэнкел
Рөлдерде: Уилл Смит, Кира Найтли, Кейт Уинслет, Эдвард Нортон, Хелен Миррен
Мемлекеті: АҚШ

Басты кейіпкер Нью-Йорк қаласындағы жарнама агенттігінде жұмыс істейді. Қайғылы оқиғаны бастан өткергендіктен, ұзақ уақыт күйзелісте жүреді. Жұмыстағы әріптестері оны қалыпты өмірге қайтармақ болады. Алайда олардың бұл әрекетінің нәтижесі таңғажайып оқиғаға ұласады. Фильмді қазақстандық кинотеатрлардан 15 желтоқсаннан бастап көре аласыздар.

хуже

“Өтіріктен де жаман”

Жанры: Триллер
Режиссері:  Шинтаро Шимосава
Рөлдерде: Джош Дюамель, Энтони Хопкинс, Аль Пачино, Элис Ив, Малин Акерман
Мемлекеті: АҚШ

Жас заңгер ірі фармацевтикалық компанияның былығын ашып, оның басшысымен ашық айқасқа түседі. Бастапқыда сотта бұл істі толықтай жеңіп шығатынына сенімді болады. Артынша басы дауға қалып, қарсы тарап оны бопсалай бастайды. Фильмді қазақстандық кинотеатрлардан 15 желтоқсаннан бастап көре аласыздар.

викинг

“Викинг”

Жанры: Тарихи
Режиссері: Андрей Кравчук
Рөлдерде: Данила Козловский, Светлана Ходченкова, Максим Суханов, Александр Бортич, Игорь Петренко
Мемлекеті: Ресей

Бұл оқиға Орта ғасырдан бұрын болған. Жер-көкті ластаған қан мен семсерлер уақыты. Ұлы Князь байқаусызда қайтыс болған жігіттің өліміне кінәлі болып шығады. Заң бойынша өлген жігіттің інісі кек алу керек болатын. Алайда ол адам өлтіруден бас тартады. Осы әрекетінің салдарынан әрбір адамға семсер беруі тиіс болады. Фильмді қазақстандық кинотеатрлардан 22 желтоқсаннан бастап көре аласыздар.

ел

“Шыршалар-5”

Жанры: Комедия
Режиссері: Тимур Бекмамбетов, Александр Котт, Вадим Перельман
Рөлдерде: Иван Ургант, Сергей Светлаков, Гоша Куценко, Мария Шукшина
Мемлекеті: Ресей

Таңғажайып оқиғалардың сақталу мерзімі жоқ. Шыршалар фильмінің кейіпкерлері көрермендеріне қайта оралды. Олардың өмірлері түбегейлі өзгерген. Бория сүйіктісінің досының көмегімен әйелі мен баласының махаббатын қайтармақ болады. Ал Андрей сүйіктісін самал желден қызғанатындай дәрежеге жетеді. Шаңғышы мен сноубордшы қызбен жүре бастады. Мереке ойдағыдай өтуі үшін шыршаны қайдан алуға болады? Костя Жаңа жылды қалай қарсы алса, оны дәл солай өткізетініне толықтай сенімді. Ал Маня әжей интернеттен алғашқы махаббатын іздейді… Фильмді қазақстандық кинотеатрлардан 22 желтоқсаннан бастап көре аласыздар.

пас

“Жолаушылар”

Жанры: Фантастика
Режиссері: Мортен Тильдум
Рөлдерде: Дженнифер Лоуренс, Крис Пратт, Майкл Шин, Лоренс Фишберн
Мемлекеті: АҚШ

Оқиға колонистерді өзге планетаға тасымалдайтын космостық кемеде жүзеге асады. Жүйе істен шығып, басты қаһарман 90 жыл бұрын оянып қояды. Ол жалғыздық пен өлімнің “дәмін татып”, қасындағы бойжеткенді де оятып алады. Алайда оның бұл әрекеті бойжеткенге ұнамай қалады. Фильмді қазақстандық кинотеатрлардан 22 желтоқсаннан бастап көре аласыздар.

бит

“Аяз ата, Сиқыршылардың шайқасы”

Жанры: Фэнтези
Режиссері: Александр Войтинский
Рөлдерде: Федор Бондарчук, Алексей Кравченко, Таисия Вилкова, Никита Волков
Мемлекеті: Ресей

Бүлдіршін Маша ұшатын құбыжықтарды көре бастайды. Сыныптастары оның бұл әрекетіне күлсе, анасы қызы үшін алаңдайды. Бір күні Маша Мәскеудің қақ ортасында әлгі құбыжықтардың сиқыршылармен шайқасып жатқанын көреді. Олардың бірі Машаны химерадан құтқарып үлгереді. Осылайша Маша Аяз ата өмір сүретін құпия корпорацияға тап болады. Фильмді қазақстандық кинотеатрлардан 24 желтоқсаннан бастап көре аласыздар.


Жіберіп алмаңыздар:

Татуласқан Жұлдызай мен Тука сахнада бірігіп өнер көрсетпек

Жанар Дұғалова жазушы туған сіңлісін көрсетті

Ерке Есмахан: Махаббаттан басым айналып жүр

Елбасы “Түнгі студияда” жұмақ туралы тәрбиелік мәні зор әңгіме айтып берді (видео)

Талқылау