Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіні шулатқан видеода сәбиді аяусыз ұрып-теуіп өлтірген әйелдің кім екені анықталды

Бұған дейін желіде сәбиді қатігездікпен ұрып-теуіп, қабырғаға соққан әйел жұрттың наразылығын тудырған еді. Бұл сұмдыққа бейжай қарай алмаған қазақстандықтар әйелді тауып, оны жазалауды талап етті. Алайда бұл оқиға Қазақстанда емес, Перуде орын алған болып шықты.

Желіні шулатқан видеода сәбиді аяусыз ұрып-теуіп өлтірген әйелдің кім екені анықталды

Бұл туралы kaktus.media сайтына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Аталған видео биылғы жылдың 1 мамырында Перуде түсірілген. Соққы салдарынан жарақат алған сәби көз жұмған. Ал видеода сәбиді аяусыз ұрып-тепкен әйел оның анасы болса, видеоға түсірген әкесі болып шыққан.

Шетелдік БАҚ мәліметінше, видео Перудегі Юнгайо аталатын кішігірім қалада түсірілген. Жас ата-ана 10 айлық сәбидің мүрдесін алып полиция бөлімшесіне келген. Олардың сөзінше, балалары қатты ауырып, ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болған.

Желіні шулатқан видеода сәбиді аяусыз ұрып-теуіп өлтірген әйелдің кім екені анықталды

Ата-анасы мәйітханаға жолдама беретін құжаттарды алу үшін полиция бөлімшесіне келіпті. Өз кезегінде полиция қызметкерлері оларға тиісті құжаттарды бергенімен, тергеу барысында олардың сәбидің өліміне қатысы барынан күдіктене бастаған. Тергей келе, полицейлердің күдігі үдей түсіп, толық жауап алу үшін оларды қалдырған.

Ал бұл уақытта Перуде аталған видео желіде тарап кеткен. Видеожазба полицейлердің қолына түсіп, олар сәбидің ата-анасына тергеу бөлмесінде қамауға алған. Ата-анасы адам сәбиге қатігездікпен қарап, өлтірді деген күдікпен қамалды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін желіде сәбиді аяусыз ұрып-тепкен әйелдің видеосы тарап кеткен еді. Қазақстандықтар мұндай сұмдық әрекетке барған әйелді жазалауды талап етті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау