Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желідегілерге шамданған Лидо киімдердің неге қымбат болатынын түсіндірді

Әнші желідегі оқырмандарына қымбат және арзан киімнің айырмашылықтары туралы айтып берді.

21879389_599357890454002_3244600861573251072_n

Сурет: Лидо Досалинаның жеке парақшасынан

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Лидо Досалина әлеуметтік желідегі парақшасында қымбат киімдерді жиі жарнамалайды. Әнші жұрттың жағымсыз пікірінен шаршаса керек. Не себепті жарнамалап жүрген киімдерінің бағасы қымбат болатынын түсіндірді.

Lux брендтердің бағасы неге қымбат? Себебі, ол киімдерді адамдар қолмен тігеді. Италиялық маталарды қолданады және ол киімдерді жарнамалап, сән көрсетілімдеріне қатыстыруға қыруар ақша жұмсайды. Мұндай киімдерді сататын дүкендер әлемнің ең керемет деген көшелерінде тұр. Бір кездері қаржы саласында білім алып жүргенімде, ұстазымыз lux киім сатып алғанымызда, ақшамыздың 50%-ын аты үшін ғана төлейтінімізді айтқан еді. Қысқасы осы жазбам арқылы не себепті бұл киімдердің қымбат тұратынын түсіндіргім келді.

21879453_127139534600922_2117726224787701760_n

21826948_1335337226578852_7641341324662145024_n

Барлығымыз мүмкіндіктерімізге сай өмір сүреміз. Егер қымбат киім кию мүмкіндігіңіз болмаса, кез келген киімді арзан матадан қолжетімді ақшаға тіктіріп алуыңызға болады. Маған жағымсыз пікір жазбаңыздаршы, өтініш. Біз өз жұмысымызды жақсы атқарамыз. Ешкімді алдамаймыз. Біздің мемлекетімізде бұл сала енді ғана дамып келеді. Мен де сіздер секілді отандық брендтердің пайда болғанын қалаймын. Құдай бұйырып, артық миллиондар пайда болып жатса, осындай бренд ашамын”, – дейді Лидо.

21819555_126973354698194_8377321491666042880_n

Әнші желідегілердің жағымсыз пікірінен сақтанса керек, пікір жазуды бұғаттап қойыпты.


Жіберіп алмаңыз:

Жазира Байырбекова мен әнші Аиша телехикаяға түсуде (видео)

Асхат өзінің Еркемен қарым-қатынасына қазіргі келіншегінің қалай қарайтынын айтты

Ақбота Керімбекова отбасын тастап кеткен әкесін кешіріп, тойына шақырған

Сәкен Майғазиев тұңғышына қалыңдық іздеп жүр

Талқылау