Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желідегілер Айсәуленің сырға салуға киген киімін сынап тастады

Жақында Айсәуле Бақытбекке күйеу жігітінің отбасы сырға салды. Баян Алагөзова тұңғышының өміріндегі елеулі оқиғаны той сияқты етіп өткізді, қазақтың барлық салт-дәстүрлерін сақтауға тырысты. Әйткенмен көпшілікке бұл күні құда түсер қыздың киген киімі ұнамай қалды, деп жазады Stan.kz.

Желідегілер Айсәуленің сырға салуға киген киімін сынап тастады

Айсәуле Бақытбек өзінің сырға салу рәсіміне танымал отандық дизайнердің қолынан шыққан костюм киген. Әппақ түсті шалбар мен тастармен көмкерілген жейде бұл күні құдалыққа қатысқан жандардың ғана емес, барша Instagram қолданушыларының назарын аударғаны рас.

Көпшіліктің айтуы бойынша, сырға салуға кез келген бойжеткен өзінің нәзіктігін айқындап тұратын көйлек киюі тиіс.

“Үнемі бірдеңені ойдан шығарғанды жақсы көресіз. Бойжеткенді кіндік шеше емес, жеңгелері алып шығуы керек. Бұл – біріншіден. Екіншіден, мынадай кофтамен ел алдына шығу нағыз мәдениетсіздіктің белгісі. Мейлі қанша тұрса да, гаухар тастармен көмкерілген болса да… Келген қонақтарды, үлкендерді, салт-дәстүрлерді құрметтеуіңіз керек. Егер оған түкіргеніңіз бар болса, сырға салуды ұйымдастырудың қажеті жоқ еді”, – дейді желі оқырмандарының бірі.

“Сырға салуға әдетте көйлек киеді. Ал мұнда шалбар әрі іші ашық. Қалай осылай киінуге болады? Сонда да бақытты болсын”, – деп пікір білдірді екіншісі.

Ал Баян Алагөзованың өзі бұл күні барлық салт-дәстүрлерді сақтағанына сенімді.

«Сырға салу» біздің ежелгі дәстүріміз! Бұл мен үшін танымдық әрі толқынысқа толы сәт болды. Өмір бойына естелікке қалады. Бәрі қызым үшін, оның бақыты үшін”, – деп жазды ол желідегі парақшасында.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Bayan Maxatkyzy Alaguzova (@bayanmaxatkyzy)

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау