Желіде үш бойжеткеннің күшікті қорлаған видеосы пайда болды
Әлеуметтік желіде үш қыздың кішкентай күшікті қорлаған бейнежазбасы жарық көрді.
“ВКонтакте” желісіндегі “В Шымкенте” парақшасында жарияланған жазбаның кадрында үш бойжеткеннің күшікті әрі-бері теуіп, оны қорлағаны анық байқалады. Ал видео астына пікір қалдырушылар, қыздардың бұл әрекеттері еш ақылға сыймайтынын, осы үшін жазаланулары керек екенін айтқан.
Ал енді бірі қыздардың ақыл-есіне күмән келтіріп, олар есірткі шегіп алған болуы мүмкін деп топшылайды.
Талқылау