Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде жұлдызға айналғандардың миллионер екенін білесіз бе? (фото, видео)

Ғаламторда видео арқылы танымал болған талантты жастар көп. Өнерімен елді баурап, танымал болған жандар кімдер? Қазақстандағы ең алғашқы табысқа жеткен вайнерлерді білесіз бе? Stan.kz тілшісі осы сауалдардың жауабын іздеп көрді.

новый коллаж
Batyroff: айына 5-6 мың доллар пайда табамын

Бүгінде вайн және оның бас кейіпкерлері, яғни вайнерлер кең танымалдылыққа ие. Қазақстанда ғаламтор қолданушыларынан batyroff атымен танымал Нұрлан Батыровты танымайтын адам кемде-кем. Бүгінгі таңда оның желідегі оқырмандар саны бір миллионнан асып түсті. Салыстырмалы түрде алсақ, Қазақстандағы шоу-бизнес өкілдерінің көпшілігі мұндай межені әлі күнге дейін бағындыра алмай отыр.

Нұрлан Батыров – Қазақстандағы ең танымал вайнер. Оның инста әлеміндегі екі образы шоу-бизнестің кейбір әртістерінен де танымал. Әсіресе, «Есалаң әйел» («Безумная женщина») атымен танылған образын жұртшылық жоғары бағалайды. Күнделікті өмірдегі өзекті мәселелерді қысқа ғана видеоға арқау ететін вайнер жарнама арқылы табыс табатынын жасырмады.

img_7905-img_7944

Нұрланның негізгі мақсаты – режиссер болу. Қысқаметражды вайндар арқылы танылуды көздеген ол осылайша кино әлеміне барғанда ел танитындай азамат болуды көксейді. Ол бұл мақсатына жетіп те қалды. Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында танымал вайнер режиссерлік етуге ұсыныстар түскенін айтқан.

Батыров осы кәсібінің арқасында айына 5-6 мың АҚШ долларына дейін пайда табады екен. Қалай дейсіз ғой? Вайнердің өз сөзіне зер салайық.

«Сыйлықтарды, бартерлерді қоссақ, одан да көп шығады. Мәселен, биыл теңізге түсіп, Түркияға барып келдім. Бұл да бір айырбастың арқасында. Сол сияқты қымбат брендтік киімдер мен аксессуарларды, тегін тамақты да қабылдаймыз», – дейді Батыров.

Айтпақшы @batyroff парақшасына жарнамаңыз шығу үшін мың доллардан 1500 долларға дейін ақы төлеуіңіз керек. 300-500 долларға бұл парақшада тек тауардың немесе мекеменің суреті ғана жарияланады.

Сол сияқты инстаграм әлеуметтік желісінде Yuframe, Хаха-шоу, Аминокка, Queex, Abduken және т.б. көптеген вайн парақшалары өз көрермендерін тапты.

Aminokka-ның анасы: Инстарамда оқырманы 300 мыңнан асқан жандар пайда табады

Аминокка есімімен танымал Қазақстандағы ең кішкентай вайнер Әмина небәрі 5,5 жаста. Әминаның анасы Арай Малғаждар Stan.kz тілшісіне қызының ес білген күннен актриса болуды армандағанын айтқан еді.

– Вайн түсіру идеясы қайдан пайда болды?

– Жолдасым инстаграмнан әртүрлі вайндарды көріп жүретін. Одан бөлек, Әмина кішкентай кезінен актриса болсам, киноға түссем деп армандайтын. Ертегі құрастыруға, оқиға желісін ойлап табуға қабілетім болғандықтан, күйеуім маған: «вайн түсірсеңші», – деп айтқан еді. Осылайша алғашқы видеомызды түсірдік. Өзімізге қызық болды. Оқиға желісін өмірден алдық. Одан кейін екіншісін, үшіншісін түсірдік. Бір күні «Сіңлімнен планшетті қалай алып қоямын?» («Как отобрать у сестренки планшет?») атты роликті түсіріп, ғаламторға жарияладық. Әминаның танымал болған алғашқы ролигі осы еді. Бәрі содан басталды.

– Вайн түсіру табыс алып келе ме? Құпия болмаса қанша табасыздар?

– Инстаграм парақшасында оқырманы 300 мыңнан асқан жандар табыс табады. Вайн түсірудің арқасында кинофильмдерге де шақырту алып жатырмыз. Оның бәрі тегін емес. Ал видеоның өзінен әрқалай. Ол жағы құпия болып қалсын.

– Видеолардан бірнеше қызды көрген едік. Олар кімдер?

– Біздің үш қызымыз бар. Үлкеніміз Әмина – 5,5 жаста болса, екіншіміз Әдия 4-те. Көбінесе роликке екеуі түседі. 2 жасар Аружан атты еркеміз бар. Кішкентай болғандықтан, ол әлі біздің нұсқауларымыздың бәрін орындай алмайды.

– Әмина мен Әдия телехикаяға түсіп жатыр екен…

– Иә, екеуі «Женатики» телехикаясына түсіп жатыр. Жалпы бізге бұдан бұрын да киноға шақыртулар болған, кастингтерге шақырған. Бірде жолымыз болды, екіншіде жоқ. Ал аталмыш телехикаяға режиссердің өзі шақырды. Әмина мен Әдия телехикаяда да апалы-сіңлілі қыздардың рөлін сомдайды.

SNv22oMahxc

YHUJInEHFcc

zIq9OvOqoWE

Сонымен, 300 мың оқырманды бағындырған вайнер табыс табатын болып шықты. Ал біздің вайнерлердің қанша оқырманы бар? Есептеп көрелік…

Batyroff-тың 1 миллион 100 мың, Queex-тің 668 мың, ал Хаха-шоу парақшасының 554 мың оқырманы бар екен. Сол сияқты ең жас вайнер Aminokka-ның 375 мың тұрақты көрермені бар. Демек, біздің вайнерлер табыс межесінен әлдеқашан асқан екен. Танымалдылықты былай қойғанда, оған жарнамадан түсетін пайданы қосыңыз. Сырт көзге еріккеннің ермегі болып көрінетін вайнерлік те әжептеуір кәсіпке айналғандай.

Айжұлдыз Адайбекова: Видео арқылы пайда табуды көздемеймін

Ғаламтор желісінде өзінің видеоларымен танылған жұлдыздардың бірі – Айжұлдыз Адайбекова. Инстаграм желісіндегі Айжұлдыздың оқырмандар саны 500 мыңға жақындады.  20 жастағы бойжеткен Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті. «Дизайнер» мамандығын меңгеріп жүрген ару ән де салады, фортепиано да ойнайды. Сол сияқты қызықты видеолар түсіріп, актерлық қабілетімен елді тәнті ентіп жүр. Алайда Айжұлдыз инстаграм арқылы пайда табуды дұрыс деп санамайды. Бұл туралы ол Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында айтқан еді.

9TwEz-nojDU

«Алғашқыда инстаграмға тек сурет салатынмын. Бір күні неге видео салмасқа деген ой келді. Өз өнеріммен, атқарған істеріммен елмен бөліскім келеді. Қызықты видео арқылы адамдарға күлкі сыйлағым келді. Ал парақшаны жарнама алаңына айналдыруға қарсымын. Әр адамның жеке парақашасы аты айтып тұрғандай жеке дүниелерден тұруы тиіс. Өз басым пайда табуды көздемеймін», – дейді Айжұлдыз.

bqc7u7qc7ys

 

vz4LxcRERl4

Сондай-ақ, жас талант елдің пікіріне мән бермейтінін айтты.

«Жүрегім не қаласа, соны түсіремін. Жақсы пікірлерді оқысам, риза боламын, маған жақсылық тілеген жандарға он есе жақсылық тілеймін. Ал теріс пікір білдірушелерге ренжімеймін», – дейді Айжұлдыз.

Талқылау