Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде жартылай жалаңаш әйелдер Трампқа қолдау көрсетті

Twitter желісінде АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трампты қолдайтын, жартылай жалаңаш әйелдердің суреті салынған аккаунт пайда болды. Суреттер  #BabesForTrump –деп  жазылған хэштегпен жүктелген. Бұл туралы The Huffington Post басылымы жазған.

трамп44

Аккаунтты ашқан америкалық колледждердің бірінде білім алатын төрт студент қыз екен. Олар өздерінің есімдерін атамауды өтініпті. Қыздар мұндай аккаунтты ашқандағы мақсаттарын, әйелдердің саяси көзқарасын  ашық білдіруді қолдау үшін деп түсіндірген.

трамп33

трамп22

@BabesForTrump парақшасындағы әйелдердің суретінің барлығы дерлік жартылай жалаңаш. Олар су киімінде және тек қана әуерет жерлерін ғана жапқан. Қыздар денелеріне немес киімдеріне жұртты Трампқа дауыс беруге шақыратын сөздер жазған. Тіпті кейбірі  «Американы қайтадан атақты етеміз» деген Трамптың сөздерін жазып алған. Кей әйелдер слогндарды өз көкіректеріне жазған.

трамп

трамп1

Дональд Трамп- АҚШ-тағы президент сайлауында ең бәсекеде мықты үміткерлердің бірі. Ол сайлау алды өздерінде елдің қазіргі президентін қатаң сынға алып, АҚШ-тағы проблемаларды ашық әшкерелеп, халыққа олқылықты шешудің жолында  көптеген уәделер беруде. Трамп Республикалық партияның атынан шыққан бірден бір бәсекеге қабілетті үміткер болып отыр. АҚШ-да президенттік сайлау  2016 жылдың 8-ші қарашасында өтеді.

 

Талқылау