Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде видеосы тараған пойыздың VIP вагондарына жұрт қызығып қалды (видео)

Әлеуметтік желіде пойыздың VIP вагондары түсірілген видео тарады,-деп жазды Stan.kz.

поезд

Бұл видеодан жаңа пойыздың жолаушыларға қандай жайлы екенін көруге болады. Тіпті кей қонақ үйлерден де сәнді әрі таза. Сапарға шыққан адам пойызға отырған сәттен бастап демалысының басталғанын сезіне алады.

Видеоны түсірген азамат  вагондар мен дәлізді аралап жүріп барлық затқа тоқталып, таныстырған.

Пойыздың дәлізінің өзі салтанатты сарайлардан кем емес.

Как думаете для кого предназначен этот поезд. Ваши версии👇

Публикация от ВИДЕО на WhatsApp (@dubsmash_kaz)

« Мынау біздің жуынатын жеріміз. Бұл- мен. Ал мынау тағы бір жатын бөлмеміз. Қазір ғана Балқаштан өттік. Терезеден әдемі табиғатты тамашалауға болады»,-деп баяндай сөйлейді вагондарды видеоға түсірген азамат.

Егерде мына пойыздың ішін тек суретке түсіргенін көріп қалсаңыз таза әрі жаңа қонақ үй бөлмесі деп қалатыныңыз анық.

Ал желі қолданушылары болса мұны президенттерге арналған вагон деп топшылады. Әрі  мұндай вагондардың қалай аталатынын, бұрыннан бар-жоғын, бағасын білгілері келетінінжазып жатты.

Оқи отырыңыз:

14 жыл бұрын аман қалған тастанды қызды көкшетаулық дәрігерлер күтіп-баққан

Алматыда көлік жүргізушісі өзіне жол бермеген әйелді “балаларың өліп қалсын” деп қарғап кетті (видео)

Ұят: Қазақстандықтар билет сату қызметінің жарнамасына наразылығын білдірді

Қазақстандық блогер жағдайына қарамай бала санын көбейткіш ата-аналарды сынады

Талқылау