Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде сәбиін аяусыз ұрып-соққан тағы бір безбүйрек ананың видеосы пайда болды (видео)

Instagram желісінде тағы бір адамшошырлық видео пайда болды. Онда безбүйрек ана емшектегі сәбиін жылағаны үшін аяусыз соққыға жығып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz.

3569874122

Бейнежазба Instagram-дағы dubsmash_kaz парақшасында осыдан бірнеше сағат бұрын ғана жарияланды. Видеоның сипаттамасында «бұл тасжүрек әйелді табу керек» деп жазылған.

Видеодан әйелдің қазақ тілінде сөйлеп тұрғанын байқауға болады. Алайда оқиғаның еліміздің қай өңірінде орын алғаны белгісіз.

Естеріңізде болса, бұған дейін де үш жасар Айлин есімді қызын соққыға жыққан ана елді дүрліктірді. Абырой болғанда, құқық қорғау органдары безбүйрек ананы тауып алды. Ал сот ісі аяқталып, үкім кесілгенге дейін Айлин әкесінің отбасымен бірге тұратын болды.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанның туын қоқысқа тастай салған Қостанай тұрғыны халықтан кешірім сұрады

Алматы облысында әкім ұлымен қосылып қарапайым тұрғынды сабап тастаған

Жібек Мусинованы зорлады деген күдіктілер бойжеткеннің өз еркімен қатынасқа түскенін мәлімдеді

Қазақстандық дәрігерлер Ақтауда зорланған қызды бағаналық жасушамен емдеуден бас тартты

Талқылау