Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде Ninety One тобының бала күнгі суреттері пайда болды (фото)

Ninety One тобы аз уақыт ішінде өздерінің таланттары мен атышулы бейнебаяндарының арқасында халыққа кеңінен танылды. Бүгін олардың бала күнгі суреттері желіде пайда болды. Жігіттердің бұл суреттерін сіздер еш жерден көрмегенсіздер.

image

Бұл туралы Гәкку арнасы хабарлайды.

Данияр Құлымшын – BALA

Ninety One тобының танымал әншісіне айналмай тұрып ол қарапайым Ақтөбе қаласының тұрғыны болған.

2

Азамат Зенкаев – A.Z.

Азамат бала күнінен өнерге құмар болған. Жадынан өлең шығарып, мектептегі концерттерде өлең айтқан.

3

Батырхан Мәліков – ALEM

Көпшілік Батырханды “Қазақстан даусы”, “X-фактор” сынды жобалар арқылы таниды. Десе де, ол нағыз танымалдылықтың дәмін Ninety One тобының әншісі болғаннан кейін сезінген сыңайлы.

4

Азамат Ашмақын – ACE

Үнемі күлімсіреп жүретін жігіт жастайынан әнші болуды армандап, түрлі вокал курстарына қатысқан. Дәл қазір ол өз еңбегінің жемісін жеуде десек те болады.

5

Дулат Мұқаметқалиев – ZAQ

Жігіт Ninety One тобының солисі болмас бұрын Семей қаласының көшелерінде жүріп рэп орындауды үйренген екен.

Естеріңізге сала кетсек, аталған топ жуырда “Қайтадан” атты әнге түсірілген бейнебаянын ұсынған болатын. Туындыны аз уақыт ішінде 800 мыңнан астам адам көріп үлгерген екен. Олардың көбісі оң бағасын беріп, жігіттердің актерлік шеберліктеріне қайран қалған.


Жіберіп алмаңыз:

“Ninety one” әншісі арам пиғылды журналистердің өзін пайдаланбақ болғанын айтты

Ninety one тобының солистері бес жаққа тарады

“Діндарлар” Ninety One тобының шайтанды “насихаттайтынын” айтады (фото)

“Ninety one” тобы кезекті бейнебаяндарының тұсауын кесті (видео)

Талқылау