Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде Назарбаевтың құйқылжыта домбыра шерткен видеосы пайда болды (видео)

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясаткер ғана емес, жан-жақты, өнерлі адам екені көпшілікке аян. Құйқылжыта домбыра шерткен мемлекет басшысына желі қолданушылары тәнті болды, – деп хабарлайды Stan.kz.

Әнші Досымжан Таңатаров Instagram-дағы жеке парақшасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың домбыра шерткен видеосын жариялады.

«Домбыра үніне ұйымаған, жусанды даланың иісін аңсамаған қазақты қазақ деп айтудың өзі қиын», – де видео астына Елбасының сөзін жазған Досымжан Таңатаров.

 

Өз кезегінде желі қолданушылары мемлекет басшысының өнеріне тәнті болып, «сегіз қырлы, бір сырлы азамат» деп атап жатты. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевты мейрамымен құттықтап, ақ тілектерін жаудырды.

Оқи отырыңыз:

Елдің дамуына елеулі үлес қосқан 100 жаңа есімнің кім екені белгілі болды

Өмірлік жарыңды қалай таңдау керек: Қазақстан Президентінен кеңес

Кәріс, жапон және еврей халықтары Назарбаевты қатты таңдандырған

Талқылау