Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде Назарбаев пен Трамптың суретіне қатысты әзіл-қалжыңдар айтылуда

Қазақстан мен АҚШ президенттері Эр-Риядта өткен саммит кезінде бірге суретке түсті.

Bezymyannyy-66

Әлеуметтік желілерде бірнеше күннен бері Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамптың суреті қызу талқылануда. “Менің президентімнің жасы үлкен, бірақ мына сары картоптан жас көрінеді”, — деп қалжыңдайды қолданушы Aina_at27.

Қазақстан тұрғындары екі ел басшыларының суретін көріп: “АҚШ президенті ЭКСПО көрмесіне келер ме екен?”, — деп таңданды.

“Елбасының жанындағы кім?” — деп мысқылмен сұрақ қойыпты қолданушы ad1ar.

“Трамп өзінше емес сияқты, қарапайым адам шығар”, — деп ойланады zhan951. Аңғарымпаз қолданушылар артқы фонда Қырғызстан туының түсіп қалғанын байқап қойыпты. Бірақ кейбір елдің БАҚ көздері фотошоптың көмегімен қызыл туды алып тастаған көрінеді. “Өзбекстан БАҚ-ы Мирзиёв пен Трамптың суретіндегі Қырғызстан туын өшіріп тастапты. Ал, Назарбаев пен Рахмонның баспасөз қызметінің ойына ол келмеген екен”, — деп жазады @a_imanaliev твиттерде.

Тағы да оқыңыз:

Рамазан айында қандай адамдардың тілегі қабыл болмайды?

Тұлпары бәйгеде тек бірінші болып келетін қазақ жігіті ат баптауыны сырын айтып берді

Дәрігерлер анасының қабырғасынан ұлына құлақ жасап берді (фото)

Талқылау