Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде маңғыстаулық кондуктордың жолаушыларды автобусқа күштеп тығындаған видеосы пайда болды

«Ақтау-Қызылтөбе-Ақтау» бағыты бойынша жүретін қоғамдық көліктің кондукторы жолаушыларды автобусқа қолымен, қажет болған жерде аяғымен итермелеп тығындағаны көрінеді. Бұл бейнені жол бойында тұрған азаматтардың бірі ұялы телефонына түсіріп алған. Бұған дейін тура осындай жағдайдың куәсі болған маңғыстаулықтар талай мәрте видеоға түсіріп, желіде таратқан еді.

автобус

Бұл туралы Лада басылымы хабарлайды.

16 ақпан күні YouTube желісіне жүктелген видеоны көргендер кезекті рет тамашалап таң қалуды қойған. Кондуктар қолымен итермелеп жатып аяғын да іске қосады. Автобустың есігін әрең жапқан ол соңында өзі сыртта қалып қоя жаздады.

Болған жайтты сырттай тамашалаған халық тек күлумен болған.

2014 жылы Маңғыстау тұрғындары осыған ұқсас жайтты бейнетаспаға түсіріп алған еді. Ол кездеде кондуктор тура осы бағыттағы автобусқа халықты күштеп жүріп сыйдырған еді. Сол кездегі Маңғыстау облыстық жолаушылар транспорты және көлік жолдары басқармасы бастығының орынбасары Насреддин Қожырбаев осындай жағдайға жолаушылардың өздерін кінәлаған еді. Олар келесі көлікті 20 минут тосуға ерініп, тығылысып мініп алады деген еді.

Талқылау