Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде Қызылорда облысы жолдарындағы түнгі “рэкеттердің” видеосы пайда болды (видео)

Қызылорда облысында түнгі уақытта жеңіл көлікке мінген жас жігіттер тауар тиеген жүк көлігін тоқтатуға әрекеттенген.

41414141

Кадрда Audi маркалы көлікте отырған бірнеше жас жігіттің ауыр жүк көлігін тоқтатуға әрекеттенгенін көруге болады. Олардың бірі қорқыту арқылы жүк көлігінің жүргізушісіне тоқтау туралы бұйрық берген.

Олардың әрекетін жүк көлігінің жүргізушісі таспаға басып алыпты. Оның сөзінше, оқиға Қызылордадан 80 шақырым жерде болған.

“Қайырлы күн, Қызылордаға шамамен 80 шақырым жетпей Ауди көлігі мен басқа да машиналар жүк көлігін тоқтатып алуға тырысады. Жергілікті рэкеттер олар. Тіпті тауарды тиеп алатын уазик те дайын тұр. Біз, қарсы жолаққа шығып кету арқылы әзер құтылдық”, – деп жазады жазба авторы.

Қызылорда облыстық ІІД аталған видеоға байланысты оқиғаны зерттеп жатқандарын хабарлады.

Оқи отырыңыз:

Алматыда мейрамхана алдында сыпыртқы-қағазбен түсініксіз рәсім жасаған әйел елді шошытты (видео)

Алаяқтар арзан несие береміз деп қазақстандықтарды алдап соғуда

Астанада үй-жайы жоқ қаңғыбас ұтып алған 100 мың теңгені алудан бас тартты

Атырауда еден жуушының еңбегіне құрмет көрсетпеген оқушыны ұрып тастады

Талқылау