Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде құрамында есірткі бар темекінің көмегімен жасалған ұрлықтар туралы жазуда. Қазақстандықтарға алаңдаушылық білдірту керек пе?

Танымал инстаграм парақшасында зардап шеккен әйел адам қазақстандықтарға үндеу жолдады. Оның айтуынша, күйеуіне құрамында есірткі бар темекі беріп, тонап кеткен.

Желіде құрамында есірткі бар темекінің көмегімен жасалған ұрлықтар туралы жазуда. Қазақстандықтарға алаңдаушылық білдірту керек пе?

«Менің күйеуім төртінші тамызға қараған түні сағат 00:30 мөлшерінде Әуезов көшесімен Мынбаева қиылысындағы «Пинта» барының маңайында такси ұстаған. Көлікте екі адам болған. Олар күйеуіме темекі ұсынып, кейін жолдасымның есінде еш нәрсе жоқ. Жарокова көшесінің Водозаборная қиылысында жейдесіз, қалтасындағы ақшасыз, ұялы телефонынсыз және көзілдірігінсіз оянған. Бір түнде мұндай оқиғаға тап болғандары туралы бірнеше адамнан естідім. Мүмкін осы жерде де зардап шеккендер бар болар. Ешқашан танымайтын адамнан ешнәрсе алмаңыздар!», – дейді зардап шеккен келіншек.

Желі қолданушыларының көбі оның күйеуін кінәлап, өтірік айтты деп жатқанымен, олардың арасында «менде де осындай жағдай болған» деген пікірлер қалдырушылар болды.

Бұл мәселеге қатысты Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілішісіне жауап берген Алматы қаласы ІІБ баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек бүгінгі таңға дейін аталған жағдай бойынша арыз түспегенін айтады. Сонымен қатар балама жағдайлар да тіркелмеген.

Егер шынымен сондай оқиға орын алған жағдайда, міндетті түрде полицияға шағымданып, арыз түсірген дұрыс. Бұл әрекетпен «қылмыскерлердің» кезекті құрбандар санын азайтамыз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

 

Талқылау