Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде көзін көгертіп бояған әйелдер Есентаеваға қолдау көрсетіп жатыр

Қазақстандық әйелдер Баян Есентаеваға қолдау көрсету мақсатында Facebook желісі арқылы көздерін көгертіп бояп, отбасындағы әлімжеттікке қарсы екендерін білдіріп жатыр. Белсенді қыз-келіншектер отбасындағы ер адамның қол көтеруіне қарсы әйелдерді де өздері сияқты суретке түсіп, #ябаян хештегімен желіге жүктеуге үгіттеген.

баянмын11

Көпшіліктің пікірі осы бастамаға орай екіге жарылған.  Дегенмен көпшілігі отбасындағы ер адамның қол көтеруіне себеп боларлық факторларды атаған. Мысалы ретінде ең бастысы көнгіш әйелдер алынған. Әйел көнсе бұл қалыпты жағдай болады екен.

«Біз қалай айтсақ та екі өмірді қатар сүреміз: бірінде біз қарсымыз. Заманауи адам құқықтары сақталғанын  қалайтынымыз жайлы көпшіліктің алдында айқайлап айтамыз. Екінші өміріміз ол өз үйіміздің есігінен сыртқа шығарылмайтын әлем. Онда ешқандай адам құқықтарына бөлінбейміз. Біз осындай өмірдің жалғасуына өзіміз жол ашамыз.  Тіпті кейде «өзім кінәлімін», «мұндай жайт бұған дейін де болған, болабереді», «бұл-тіршілік» деп қайта ақтап аламыз»,-деп жазған Айнұр Әсембетова есімді желі қолданушысы өз суретінің астына.

Айнұрды  Әсел есімді желі қолданушысы қолдаған. Оның сөзінше әрі кетсе отбасындағы мұндай жайттарға учаскелік полиция араласып, отағасына айыппұл салып кетеді. «Ал адам өлімі болмайынша әйелдер бәріне шыдауға бекінеді»,-дейді ол.

«Сіз білесіз бе, физикалық күш көрсетуден бөлек әйелдер  психологиялық, экономикалық, сексуалдық қысымға душар болады. Сіз бұндайға шыдау арқылы өзіңіз мүжіліп, зардап шегіп қана қоймай балаларыңызды да  психологиялық тұрғыда зақымдайсыз, азаптайсыз»,-деген сауал тастайды  Әсел  Маржакупова.

баянмыннн

Бір тәулік өткенімен белсенді қыздарды өзге ешкім қолдамаған.

«Менің флешмобым уақыт өте жалғыздың қарсылығы болып қалды. Отбасындағы қысым туралы айтылған кезде жағдай түсінікті, оны талқылаудың да қажеті жоқ. Дегенмен бастама арқылы мәселені бір тамшы болса да тереңрек қарауға ұсыныс жасадым»,-деген Айнұр Әсембетова.

Баян Есентаеваның  күйеуінен таяқ жеп, аурухана түсуіне байланысты  оқиғаға Қазақстан халқы бейжай қарай алмады. Есте болса  белгілі продюсерді өз күйеуі үш жерден пышақтап, мұрнын сындырып, бір көзіне зақым келтірген еді. Қазір Күдікті Бақытбек Есентаев  уақытша ұстау абақтысына 2 айға жабылды. Қазір оған қатысты «Қасақана адам денсаулығына зиян келтіру», « Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша сот алды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

 

 

Талқылау