Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде еліктің лағы мен қабыланның достығы бейнеленген видео жарияланды (видео)

Әлеуметтік желіде жұртшылықты таңғалдырған тағы бір видео пайда болды. Онда қабылан мен еліктің лағының достығы  көрсетілген. Оқиға Оңтүстік Африка елдерінде түсірілген. Бейнежазбада көрсетілгендей, жыртқыш еліктің лағын бауырына басқан.

20151223094724

Осыған дейін Ресейдің Примор өлкесіндегі сафари-саябақта Амур атты жолбарыс пен Тимур атты ешкінің достығы жұртты таңқалдырған еді. Бастапқыда ешкі жыртқыштың торына азық ретінде түскен болатын. Бірақ Тимурдың батыл әрекеттерінен жолбарыс сескеніп, оған тіпті жататын орнын да босатты. Сол кезден бері жануарлар бірге жүреді.

Талқылау