Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Желіде балабақшадағы балалардың еденде ұйықтап жатқан видеосы тарады (видео)

Желіде балабақшадағы балалардың бір төсекте үш-төртеуден, тіпті, кейбірінің еденде жатқан видеосы тарады. Видео кадрларынан бөлмеде 50-ден аса баланың жатқаны көрінеді.

Желіде балабақшадағы балалардың еденде ұйықтап жатқан видеосы тарады (видео)

Аталған видеожазба Түркістан облысында түсірілген деп болжанған еді. Алайда оқиға Бішкекте орын алған болып шықты. Бішкек әкімдігі бұл жағдайды растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kg басылымына сілтеме жасап.

«Екі апта бұрын кіші топтағы балалардың жатын бөлмесінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қабырғасын ақтадық. Ақтағаннан кейін, ата-аналар еденнің ластанғанын айтып шағымданды. Сондықтан 19 сәуірде тазалық жүргізіп, жатын бөлмедегі еденді боядық», - дейді балабақша меңгерушісі. 

 

Өз сөзінде ол балалардың мұндай жағдайда бір күн ғана ұйықтағанын атап өтті. Сол кезде біреу видеоға түсіріп алыпты, дейді. 

«Балабақша меңгерушісі Айнагүл Малдыбаеваға тәртіптік жаза тағайындалуы мүмкін», - дейді әкімдіктегілер. 

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр