Желіде Ақтөбедегі “Паллада” дүкені жанындағы атыстың бейнежазбасы пайда болды (видео)

Бейсенбі, 9 Маусым , 2016 7:38

Ғаламторда “Паллада” дүкені жанындағы полицейлер мен терроршылар арасындағы атыстың бұрын жарияланбаған бейнежазбасы пайда болды.

a4eb001d-381a-4a8e-8f94-bdc205294b34

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Инстаграмдағы aktobe_zello парақшасында жарияланған видеода оқиға орынына қарай асығып келе жатқан құқық қорғау органдары қызметкерлері мінген көліктер анық көрінеді. Атыстың қайдан шығып жатқанын білмей тұрған белгісіз куәгер оқиғаны көпқабатты үйдің терезесінен түсірген. Бұған дейін “Паллада” қару-жарақ дүкені жанында болған атыста тәртіп сақшылары жарақат алып, күдіктілердің полиция көлігін мініп кеткенін жазған едік.

Ақтөбедегі теракт нәтижесінде 7 жазықсыз адам қайтыс болды. Аймақта әлі антитеррорлық операциялар жалғасып, 6 күдікті іздестірілуде.

Бүгін, 9 маусым Жалпыұлттық аза тұту күні. Бұл жарлықты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеше жария етті.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар