Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде Ақтөбедегі антитеррорлық операциядан жаңа видео үзінді пайда болды

Ақтобеде 5 маусымдағы  бүлікке күдіктілерді ұстау жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Тура қазір  қанды оқиғаға қатысы бар деген алты адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.


Өткен жексенбіде Ақтөбеде белгісіз адамдар екі қару-жарақ дүкенін тонап, әскери бөлімге шабуылдаған. Ресми мәлімет бойынша, шабуыл мен атыстан барлығы 21 адам мерт болды. Олардың 13-і – шабуыл жасады деген күдіктілер, сегізі – бейбіт тұрғындар. Қазақстан билігі шабуыл жасағандар “радикалды діни топ жақтастары” болуы мүмкін дейді.

Шабуылдан соң Ақтөбеде террорлық қауіп-қатердің ең жоғарғы “қызыл сызығы” деңгейі жарияланған. Ал 6 маусымда Қазақастанда 40 күн мерзімге террорлық қауіп-қатердің “сары деңгейі” жарияланған.

 

Талқылау