Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде «Әкімдік қайда қарап отыр» хэштегімен түрлі жазбалар мен күлкілі видеолар көптеп тарап жатыр

Әкімдік қайда қарап отыр? Дәл осындай хэштегпен ғаламторда жарияланған жазбалар мен күлкілі видеолар кеңінен таралуда. Бұл бастама арқылы желі қолданушылары өздерінің жеке проблемаларына атқарушы билік кінәлі екенін келеке қылып жеткізуде.

Желіде «Әкімдік қайда қарап отыр» хэштегімен түрлі жазбалар мен күлкілі видеолар көптеп тарап жатыр

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Ойнасам да ойымдағыны айтамын! «Куда смотрит акимат?» деген хэштегпен жарияланған видеолардың саны қысқа уақыттың ішінде инстаграмда 1 жарым қаралымнан асып кеткен. Кейбірі тіпті әкімдікке қатысы жоқ. Бірақ әлеуметтанушылар бұл үрдіске мынадай баға береді.

«Мұндай жағдайға жеткеннің өзінің бір нақтылы себебі бар. Ол дегеніңіз ұзаққа дейін шешілмеген мәселелер. Күн тәртібіне қойылса да көңіл аударылмау. Ысырылып қалу, кейін шегерілу сияқты. Ал халықтың осылай көңіл аударуына байланысты әлеуметтік желіде, БАҚ-да мәселелер айтылса сол қолы тимей жүрген атқарушы биліктің, заң атқарушы органдарда соған назар аударып, мәселе шешілуі мүмкін деп ойлаймын» – дейді әлеуметтанушы Рамазан Саттарұлы.

Желіде «Әкімдік қайда қарап отыр» хэштегімен түрлі жазбалар мен күлкілі видеолар көптеп тарап жатыр

Әрбір тор белгі қойылып жазылатын сөздер жиынтығы, яғни хэштегтің өзіндік мақсатты қолданысы болады. Қандай да бір ақпаратты іздегенде осы қысқа сөздер арқылы тауып аласыз. Бірақ, блогер Бэлла Орынбетова біздің қоғам мұның мәнісін толық түсіне қоймаған сыңайлы, дейді.

«Басында да әділдікті іздеп фэйсбукке, инстаграмға жазатын көбінесе ашынған халық пікір жазатын әкімдік қайда қарап отыр, билік қайда қарап отыр деген сияқты. Сосын адамдар түсіне бастады. Әкімдік әрбір жазбаға келіп қарамайтынын, белгілі құзырлы органдар да оны қадағаламайтынын түсінді. Сосын бұл жиналып әзілге, сарказмге айналды» – дейді блогер Бэлла Орынбетова.

Расымен, қоғамдық өмірге қатысы жоқ, қара бастың қамын күйттеген жайттардың әкімдікке қандай қатысы бар? Бұл сұрақты тұтас бір облысты басқарып отырған әкімдерден сұрап көрдік. Олардың айтуынша атқарушы билік айға бата жасап отырған жоқ. Нақты іспен айналысып жатыр екен.

«Әкімдік барлығын қадағалап отыр, қарап отыр. Жұмыс істеп жатырмыз. Егер қандай да бір мәселе болса, біз тиісті жұмыс жасаймыз. Негізінен көп мәселелерді болдырмауға тырысамыз. Менің ойымша әкімдік қайда қарап отыр деген сөз дұрыс емес» – дейді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Атқамінерлер осылайша негізсіз әкімдіктерге шағымдана беруді қою керек дейді. Кейбірі халықтың шаруасымен айналысуға асыққандықтан сөзін қысқа қайырды.

«Біз ахуалдық орталықта ұсынылып жатқан сұрақтарға жауап береміз және тиісті шаралар қолданамыз», – деді Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев.

Расымен, өз қолыңмен жөнделе салатын дүние үшін дау шығарып, дауылпаз соғып әкімдік қайда қарап отыр дегенше үндемей-ақ реттей салуға болады ғой?! Бірақ, әлеуметтік желі арқылы танымал болып, көптің көзіне ілігу мүмкіндігі туып тұрғанда кей тұрғындардың бұлай жасауы екіталай.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау