Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлем таныған Димаштың концертін сынап тастаған желі оқырманы елді шулатты

Бүкіл әлем Димаш деп тамсанып жатқанда, өз арамызда оның алғашқы концертін сынап үлгергендер де табылды.

димаш кудайберген 280617 -5

Facebook-те Anarka Must есімімен тіркелген қолданушы Димаштың репертуарын ұнатпағанын айтып, сынап тастады. Оның айтуынша, Димаштың қоржынындағы әндермен әлем сахнасына шығу – ұят нәрсе.

«Димаштың репертуары мүлдем ұнамады. Әлемдік сахнаға мынадай әндермен шықса, білмеймін енді. Концерттің басын көріп жатып, “91”-імнің “Желбезектерін” тыңдағым келіп кетті», – деп жазды ол.

Димашты сынаған бойжеткен оның концертін теледидардан тамашалапты. Концертке қатысқанда, бәлкім басқаша әсер алар едім дейді ол.

Желі оқырмандары “талғамға талас жоқтан” өзге ештеңе дей алмады. Кейбіреулер айтылған сынға қосылып, Димашқа әлемді дүр сілкіндірер әндер керек екенін айтып жатты.

“Кемшіліксіз пенде жоқ. Барлық елге бірдей ұнай беру мүмкін емес. Репертуары бұдан да биік деңгейге көтерілеріне сенімдімін”, “Əлі жас қой. Алла тағала тіл-көзден сақтаса, бағындырар биігі алда“, “Бастысы дауыс бар. Қалай дегенмен де қорғап қоштап, жетер биіктіктеріне итеріп жіберетін жаны жақсылар жанынан табылсын деп тілейік”, “Шынымды айтсам əндеріне қарным ашады. Оның əлемдік аренаға шығуына атақты əндерді орындауы ғана жеткіліксіз. Өз репертуары да керемет болуы керек”, – деп пікір білдірді желідегілер.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақтың гаухар тасы: Димаш тыңдармандарын тәнті етті (видео)

Димаш сахнада ұшып жүріп ән айтты (видео)

Әли Оқаповтың үйленгені рас па? (фото)

Баян Мақсатқызы “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” кинокартинасын таспаламақ (видео)

Талқылау