Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желі оқырмандары Жолдыбаеваны тым ашық көйлегі үшін сынады (фото)

Актриса әрі әнші Кәмшат Жолдыбаева жиі сынға ұшырайтын әртістердің қатарында. Неге екені белгісіз, оның киген киімі үнемі жұртқа ұнамайды. Бұл жолы Жолдыбаева омырауын көрсетіп тұратын тым ашық көйлек кигені үшін сынға алынды.

14474129_923671427776596_2124340607567527936_n

Әсілінде, қазақ қыздары бұрындары ашық-шашық киінбеген. Бұл үрдіс менталитетімізге сай келмейді. Ал басқа жағынан қарасаңыз – қазір ХХІ ғасыр. Әрі біздің елімізде көршілес Өзбекстандағыдай ашық киінген әртістерді сахнаға шығармай қоятын заң жоқ. Десе де, Instagram желісінің қолданушылары Кәмшатты әбден сынға алды. Ал мұндай образды заман ағымына сай деп санайтын жастар актрисаны қолдады.

«Қазақ қызына алдың тым ашық, ұят болды», «Не мынау, омырауын сәл болса жаппай ма?», «Ерсі көрінеді, әртіс деген сайын білгендеріңді істеп жүрсіңдер», – дейді ашынған желі қолданушылары.

14553138_1098489263521224_2218123219930447872_n

Ал Жолдыбаеваны жақтағандар: «Супер 21 ғасыр әншісі», «Сізді жақсы көремін», «Әдемісің», «Сұлу әрі талантты», «Өте тартымды көйлек», – деп пікір білдірді.

Жіберіп алмаңыз: 

Қазақстандық жұлдыздардың сіз көрмеген суреттері (фото)

Ұлықпан Жолдасов өзін рушыл санайтын тыңдармандарына жауап берді

Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмі Ялтада өткен кинофестивальде бас жүлдені жеңіп алды

Ұйымдастырушылар Ninety One тобының Ақтөбеде өтпей қалған концерті үшін 6 миллион теңге талап етуде

Алтынай Жорабаеваның қос бүлдіршіні бет күтімін қалай жасау керектігін көрсетті (видео)

Талқылау