Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желі қолданушысы “Шымкент рулит” атты бейнежазбаны жариялады (видео)

Шымкент көшелерінде болған әртүрлі оқиғалар бір роликке топтастырылған.

зщдлшгорн

Аталмыш бейнежазбаны Youtube порталына Арти супер атты желі қолданушысы орналастырыпты.

Көшелерде тәуліктің қай уақыты екеніне қарамастан көлік жүргізушілері дұрыс емес қозғалыс жасап жатады. Олардың қия басқан әр қадамын бейнебақылау камералаы өз таспасына басып алған.

Еске сала кетсек, 20 мамыр күні Шымкент қаласының әкімі жол қауіпсіздігіне байланысты шұғыл жиналыс ашқан болатын. Ол жыл басынан бері 321 жол-көлік оқиғасы тіркелгенін, ол жағдайлар барысында 22 адам қайтыс болса, оның 12-і балалар екенін айтқан еді. Сәйкесінше, бірқатар сала басшыларына қатаң сөгіс жариялап, мектеп оқушыларына ие бола алмаған білім бөлімі басшысын қызметінен алып тастаған еді.

Сондай-ақ, қала басшысының жол ережесін сақтамайтын жастарды малға теңегенін де жазған едік.

Талқылау