Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желі қолданушысы Павлодар атауын Баянауыл деп өзгертуді ұсынды

Әлеуметтік желі қолданушысы өз парақшасында Павлодар атауын өзгерту туралы ұсыныс-хат жариялады.

17

Сурет yorick.kz

Бұл туралы Төлеген Рамазанұлы есімді қолданушы Фейсбуктағы өз парақшасында жазды.

“Пауладар облысы атауын өзгертуіміз керек. Бұл қолымыздан келеді! Себебі, Пауладар облысы тұрғындарының басым көпшілігі ұлты қазақ азаматтар, әрі олар аймақ атауының өзгеруін күтіп жүргендер. Демек, облыс атауын өзгертуді қолдайтын тұрғындар саны әлдеқайда көп”, – дейді автор.

Жазба авторы бұдан әрі қарай “Біз бұдан не ұтамыз?” деген сауалға жауап іздеп, бірқатар болуы мүмкін оң нәтижелерді тізіп шығады.

1) Біз аймақ тұрғындарының құжаттарынан Пауладар есімін шығарып тастар едік.
2) Демек, Пауладар атау тек қала тұрғындарына ғана қатысты болып қалар еді. Пауладар атауын қолдану аясы барынша тарылып қалар еді.
3) Аудан атауын атағанда облыс атауы қоса аталатынын ескерсек, Пауладар облысы деген атауды да атамай қояр едік.
4) Облыс бойынша мекеме, кәсіпорындар атаулары, мөрлері т.с.с. бәрі өзгерер еді.
5) Аймақ Қазақстанның мемлекеттік тілінде аталғаны – сол аймақтың Қазақстан жерінде екендігін білдірер еді.
6) Аймақ тұрғындары елдіктің, тәуелсіздіктің рухын сезінер еді, өзін таныстырғанда келген жерін айтып: “мен – пауладарлықпын” демес еді, “мен – баянауылдықпын!” деп, мақтанар еді.
7) Облыс бойынша, яғни аудандарда тұратын мектеп оқушылары, студенттер дәптер сыртын толтырғанда, бастары салбырап, өзге елдің “әлдекімін” атап жүрмес еді. Қаныш Сәтбаевтың жерлесі екенін айтып, “баянауылдық” болғанын мақтан тұтып, патриоттық рухта тәрбиеленер еді.

Автор бір кездері Кереку қаласында тұрып, сол тұстағы облыс әкімі Ерлан Арынға облыс атауына байланысты хат та жолдапты. Хатта ол Павлодар деген аудан, ауыл, қала да бар екенін айтып, мұнша көп “Павлодарды” қысқарту туралы өтініш жасаған. Бірақ, мәселе сол күйі шешілмей қала берген. Осы жолы автор сол ұсынысын әлеуметтік желідегі қолданушылар назарына тастап отыр.

Талқылау