Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желі қолданушысы дәрігерлерге араша түсті

Астанадағы №1 қалалық перинаталдық орталықта жыл басынан бері бесінші әйел көз жұмды. Олардың туған-туыстары әйелдердің өліміне дәрігерлерді кінәләді. Бұл жаңалықтар қазақстандықтарды шошытып, дәрігерлерге деген сенімдерін азайтқан сынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Желі қолданушысы дәрігерлерге араша түсті

Алайда Фейсбук желісінің қолданушысы дәрігерлерді кінәләрдан бұрын, адамдар денсаулықтарына алдымен өздері дұрыстап қараулары тиіс дейді.

Аталған желідегі «Астана – Что? Где? Когда?» тобында жазба қалдырған Дарьяның айтуынша, соңғы кездегі дәрігерлерге деген жек көрініштік жақсылықпен аяқталмайды.

«Өйткені, сіздердің де бір күні сол дәрігерле жүгінетін күніңіз туады. Өзінің құртқан денсаулығыңызға араша сұрап, оларға әлі-ақ жалынасыздар. Сіздердің жандарыңызды дәрігерлер емес, тек өздеріңіз темекімен, ішімдікпен, зиянды фаст-фудпен құртқансыздар. Тек өздеріңіз балаларыңызға зиянды тамақ беріп, артынан ол ауырған кезде дәрігерден көмек сұрайсыздар.

Тағы да балаларыңыздың Интернет желісінде не көретінін қадағаламай, кейін олар неге басқа балаларға зорлық көрсетті неге өздеріне қол салды деп дал боласыздар. Ал сол ата-аналарына керек болмаған бүлдіршіндерді сіздер жек көріп отырған дәрігерлер құтқарады», – деп жазған Дарья.

Сонымен қатар, ол жүкті әйелдердің өліміне қатысты да пікір айтып кеткен. Оның ойынша, көптеген әйелдер жүктілікті жоспарламайды, мамандардың кеңестеріне құлақ аспай артынан қайтыс болып жатады.

Ауруды түбіне дейін жеткізбей, уақытылы медициналық тексеруден өтіп тұрғанның пайдасын атап, тексеріс барысында дәрігерлер кездейсоқ жаман ауру түрін тапқанда да адамдар халық емшілеріне ақша шашып, уақыттарын текке кетіріп алады дейді. Соңында тағы да дәрігерлерді кінәлә қылып қоятынымызды атауда.

Барлық болып жатқан жағдайларға ең бірінші адамдардың өздері кінәлі екенін дәлелдегісі келген Дарья, жол апаты көп орын алып, қаншама адамның өмірін қиып кеткенін жазған.

«Көлікке мас күйлерінде отырып, өзінің емес, өзгенің де өмірін қиятын да өздеріңіз. Бұл кезде де медицинаны айыптауға дайынсыздар. Амалыңыз таусылғанда дөрекіленіп, шағымданып, БАҚ беттерінде бүкіл дәрігерлерді айыпты қылып жазасыздар», – дейді Дарья.

Дегенмен, медицина жұмысшыларының арасында салғырттық жасайтындары да бар екенін мойындап отыр.

Желі қолданушысының айтуынша, ондай жұмысына селқос қарайтындар барлық салада кездеседі.

«Алайда оған да өзіміз кінәліміз, балаларының барлық мәселесін парамен шешіп беретін «дөкей» ағаларымыз қаншама. Ондай адамдар тіпті мұғалімдердің арасында да, полициялардың да, жоғарыда отырып мемлекеттің ақшасын жеп халықтың қамын артқа салып отырған депутат ағаларымыз да бар», – дейді.

Бұл жерде дәрігерлердің жұмысының қиындығын, алатын төлемақыларының аздығын ешкім елеп-ескеріп айтпайтынын да атап өтті.

«Олар да біз сияқты жандар. Күніне сегіз-он сағаттан жұмыс істеп, кейін түнгі ауысымға қалып, содан алған ақшасын отбасына жеткізе алмай жүрген қанша дәрігерлер бар. Олар күніне  елу адамнан қабылдап отыратын жансыз, сезімсіз адамдар емес. Медициналық жұмысшылар да біз сияқты ауырады, олар да қиналады», – деп сөзін аяқтаған Дарья.

Алайда дәрігерлерді жақтап жазған Дарьяға қарсы шығып, біліксіз мамандардың көбейіп кеткенін және солар үшін қарапайым халық қиналатынын желі қолданушылары жарыса жазуда.

Мысалы «Сауатсыз дәрігерлерді жек көреді, ал білікті мамандарға, біріншінден, кезек көп болғандықтан кіру қиын, екіншіден, оларға адамдар жалынып барады», «Бұл жерде дәрігер мен науқастың арасында түсінбеушілік тудырып тұр, көптеген адамдар дәрігерлердің біліксіздіктерінен шаршайды, ал мықты маманды ешқашан ұмытпайды», «шілде айынан бері босану кезінде бес әйел қайтыс болды, маса шаққан қыз дәрігерлер берген түсініксіз дәріден өлді. Сонда бұлардың бәріне дәрігерлердің  еш қатысы жоқ болғаны қалай? Мысалы, ауруханаға барсаң, әрдайым дәрігерлерді орнынан таппайсың, неге мұндай бейберекеттік орын алған деп сұрасаң, жалақымыз аз деп шығады. Сонда солардың кесірінен қарапайым адам азап шегу керек пе?» сынды пікірлер қалдыруда.

Айта кетсек, әйелдің өліміне қатысты дәрігерлер пікір білдіріп, анасының қанына сәбиінің зәрі мен нәжісі түсіп кеткен деген еді, ал перинаталдық орталықтың басшысын болған жағдайлардан кейін қызметінен босатқан.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

 

Талқылау